АҚШ елінде жасалған бұл екпе түрін қабылдаған тұрғындарда ешқандай кері әсер байқалмаған
Елімізде Phizer «Комирнати» АҚШ екпесі егіле бастағаны баршаға белгілі. Осы ретте Қостанай қаласындағы №1 емханаға осы екпенің 762 данасы жеткізілген болатын.
Бүгінде №1 емханада аталмыш екпенің біріншісін 185 адам қабылдаған. Олардың 73-і 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдер. Ал 89-ы 16-18 жастағылар болса, 22-сі бала емізетін аналар. Сондай-ақ екіншісімен 64 адам егілген.
– Бұл екпенің нәтижесі жақсы, екпе алғаннан кейін ауырып келгендер тіркелген жоқ. Адамға ешқандай кері әсері байқалмады. Қазіргі таңда ата-аналырының қалауымен жоғары сынып оқушылары көптеп егіліп жатыр. Бұл бірінші кезекте балалардың денсаулығына деген сенімділікті ұялатады. Сонымен қатар ана атанғандарына көп болмаған емшекте сәбилері бар аналар да көптеп егіліп жатыр. Бәрінің басты мақсаты қауіпті дерттен өздерін сақтап қалу. Осы орайда, АҚШ елінде жасалған Phizer «Комирнати» екпесінің тиілімділігі жоғары екенін атап өткен жөн,-дейді қалалық №1 емхананың эпидемиолог дәрігері Гүлсім Сасыкова.
«Сақтансаң сақтаймын» деп бекер айтылмаса керек. Сондықтан адам өміріне әлі де қауіп төндіріп отырған коронавирус жұқпалы дертінен сақтануды ұмытпайық.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77