В ритме города Новости

Қаламгермен кездесу

Онда жастарға ізгі тілектер айтылды

Жуырда Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің кітапханасында есімі елімізге белгілі жазушы-публицист Оразалы Жақсановпен кездесу болып өтті.

Оның өтуіне жоғары оқу орнының Қазақстан тарихы кафедрасы мен аталмыш кітапхана ұжымы ұйытқы болды. Жүздесуге университеттің тарих факультетінің студенттері қатысты.

Басқосуда қаламгерге оның журналистік, жазушылық өмірі жайлы сауалдар қойылды. Оразалы Отынбайұлы таңдаған мамандығын игерудегі талпыныстары және тың ізденістері жайлы кеңінен баяндады.

Қатысушылар жан-жақты жауап алды. Ал Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Рауан Байдалы мен кітапхана басшысы Сания Серікқызы жазушыға алдағы уақытта да мықты денсаулық, шығармашылық табыс тіледі.

Бұл университеттің 80 жылдығы қарсаңында өткізіліп отырған жүздесу өте әсерлі өтті.

Сания Безаубекова,
Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы
Қостанай мемлекеттік университетінің
кітапхана директоры


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77