Наурыз мейрамын тойлау аясында ағымдағы жылдың 17 наурызында «Алтын шаңырақ» және «Күміс кереге» күні аталып өтілуде. Басты мақскт 50 және 25 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыптыларды құрметтеу.
Осыған орай Қостанай қаласында Исмаиловтар отбасын құттықтауға қалалық мәслихаттың хатшысы Омарғали Байгабулов пен “Жанашыр бол” ҚҚ төрағасы Сабина Расбекова барды. Қоғамдық қор отбасылық шаңырақтың өмірі балдай тәтті болсын деген ниетпен “Баян Сұлу” өнімінен тұрған үлкен себет алып келді.
– Шаңырақтың қуанышқа, бақытқа толы болуының басты себебі түсіністік. Бір-біріне құрметпен қарап, сенімділіктің болғаны маңызды, – дейді шаңырақтың иесі.
Бір үйде үш ұрпақ тұрады.
Оразалы Исмаилов мен Рамзия Исмаилованың отау құрғандарына 50 жыл болды. Ұлы Арман Исмаилов, М.Дулатов атындағы экономика институтының ректоры, олар жұбайымен 25 жыл бойы қоян-қолтық өмір сүруде.
Бұл отбасы салт-дәстүрді құрметтеп, әдет-ғұрыпты сақтайды. Оразалы Исмаилов ата-бабасы туралы ақпарат жинап, шежіре кітабын жазған.
Ұлдары әкеден үлгі алып, еліміздің, соның ішінде Қостанай қаласы мен Қостанай облысының дамуына өз үлестерін қосуда.
Аяжан СЕРІК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77