Новости Социум

Қаламызды көгалдандыру қарқын алуда

Жас көшеттер отырғызылады

Көктем келіп, күн жылып, жер бусанған шақта жылдағы дәстүр бойынша облыс орталығын көгалдандыру жұмыстары қарқын алады.

Міне, сәуір айының ортасында Қостанай қаласының барлық бөліктерінде ағаш отырғызу жұмыстары жанданған. Бұл жұмысқа 4 ұйым тартылған. Олардың бір бригадасында 10 адам жұмыс істейді. Олар күннің атысынан батысына дейін жас көшеттерді отырғызумен айналысады.

Мәселен, шаһарымыздың Набережный, Солтүстік-Батыс, Орталық бөліктерін көгалдандыру жұмысы қызу жүріп жатыр. Сондай-ақ Қобыланды батыр даңғылының бойына 1500 жас көшет отырғызылды. Ал қаламыздың КСК шағын ауданында орман алма ағашының аллеясы жасалатын болады.

Сондай-ақ облыс орталығын көркейтіп, гүлдендіру мақсатында- 3000 пирамидалы теректің жас көшеттері сатып алынған.

Алдағы уақытта да қаламызды көкалдандыру басты назарда бола бермек. Биыл шаһарымыздың 140 жылдық меретойы қарсаңында оның келбеті бұрынғыдан да гүлденіп, құлпырып шыға келмек.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77