Здравоохранение Социум

Қан тапсыру сау адамның денсаулығына зиян тигізбейді

Қазіргі таңда қан тапсыру орталықтарында қан жетіспей жататындығы рас па? Донорлық адамдардың имунитетін әлсірете ме? Адамдар қан тапсырудан қорқа ма?

Донорларды тартудың оңтайлы жолы- корпоративтік сабақтар, донор болу туралы лекциялар және әлеуметтік желілерде жұмыс жүргізу.

Заманауи медицина қандай керемет болса да, бірақ көптеген жағдайларда трансплантация кезінде, қатерлі ісіктерді емдеу, хирургиялық араласуларда және басқа да медициналық процедуралар кезінде пациент басқа адамның қанын қажет етеді. Донор болу- қорқынышты нәрсе емес, тек адам барлық медициналық нормаларға сай келіп, өзін жақсы сезініп тұрса жеткілікті.
Қостанай облыстық қан тапсыру орталығы осыған байланысты біршама ақпаратпен бөлісті.

– Көп адамдар қан іздестіріп жатқан туралы ақпарат көріп қалса, қан жетіспей жатыр деп ойлайды. Олай емес, қан жеткілікті, қанның да сақтау мерзімі болады. Бізге жаңа қан керек болу, себебі бұл қан қорын үнемі толықтырып отыруымыз. Қорда тұрақты мөлшерде қан болуы үшін, оны қадағалап отырамыз, өйткені қанды ұзақ уақыт сақтауға болмайды. Ал ол үшін донорлардың белсенділігі қажет. Донордың дене салмағы да, дене қысымы да ескеріліп, қан нормасын 350 мл-ден 450 мл-ге дейін алуға жол беріледі,- дейді Қостанай «Облыстық қан орталығы» КМК терапевті Айгерим Сериковна.

Әркімнің қан компоненттерінің сақтау мерзімі әр түрлі. Қан 42 күнге дейін сақталады. Сондықтан қан базасын асыра пайдалану да қажет емес. Ол үшін барлық қан топтары бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі. Ең көп тарағаны-бірінші қан тобы. Төртінші қан тобы ең аз қажет. Ең сирек кездесетін қан тобы төртінші теріс болып саналады. Егер сіздің қан тобыңыз кең таралған болса, бұл сіздің қаныңыз қажет емес дегенді білдірмейді. Кез келген қан тобы маңызды, оған қоса кең таралған топтар ең қажетті болуы да әбден мүмкін.

Тіпті кейбір адамдарда қан тапсыру әдетке айналып кеткен. Сол адамдардың бірінен денсаулығы жайында сұрап көрдік. Ер адамдарға 2 ай, ал әйел адамдарға 3 айдан кейін қайта тапсыруға болады. Сондықтан 2-3 ай сайын қан тапсыратын адамдар да бар. Дәрігердің айтуынша, ешқандай қауіпсіздік немесе ауруларға әкелмейді. Оған қоса бұл тек ағзаның жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

Донорлары тарту үшін түрлі акциялар жасап, әлеуметтік желілерді белсенді түрде жүргізіп отырамыз. Оған қоса донорлар күнінде жиі келетін адамдарға спонсорлар атынан сыйлықтар да береміз. Қан тапсыруға болмайтын жағдайлар 2020 жылдың 2 қазанындағы 113 бұйрықта жазылған. Осы жылдың 2 тамызында 73 бұйрықта тағы да толықтырылған. Сол жерде барлық қарсы көрсеткіштер жазылған. Уақытша тапсыруға болмайтын көрсеткіштер және мүлдем тапсыруға болмайтындары да толық жазылған. Ал орташа көрсеткіш бойынша күніне 50 адамдай келеді. Ал жас санатына келетін болсақ 18-65 жас аралығы, үлкен кісілерді әрқашан тексеріп тұрамыз, – дейді Айгерим Садвакасова.

Рустам Шарифуллин тұрақты тромбоциттер доноры. Қазір 53 жаста, ал донорлықпен 1991 жылдан бастап айналысуда.

– Әрине, кейбір кезде қантапсыра алмаған кезеңдер болды. Алайда, сол жылдан бастап үзбей тапсыруға тырысып келемін. Қал жағдайым өте жақсы. Осындай жастағы адамдар арасында өзімнің жағдайым әлде қайда керемет деп ойлаймын. Физикалық тұрғыдан ешқандай үйреншіктік жоқ. Басқа адамдарға көмектесе алсам неліктен көмектесіп тұрмысқа. Тіпті, ешқандай зияны жоқ нәрсе емес пе, – дейді Рустам Шарифуллин.

Донор болу – әр адам үшін ерекше миссия деп айтсақ қателеспейміз. Оған қоса қанның берілуі – бұл пайдалы процедура. Әсіресе жоғары қан қысымы бар адамдарға арналған. Қысым деңгейін төмендетуі мүмкін деп саналады. Донорлардың жүректің ишемиялық ауруымен ауыру ықтималдығы аз екендігі дәлелденген.

Аяжан СЕРІК
Суретті түсірген
Әбіл ДОСЖАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77