Суретші мен жерлестерінің арасында ерекше кездесу кеші өтті
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейңнде белгілі суретші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі «Акварель» атты дербес көрменің авторы Ғани Баянмен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кездесу кеші өтті.
Оған, Қостанай суретшілері, ҚР Суретшілер Одағының мүшелері, студенттер және өнер сүйер қауым қатынасты.
Кездесу барысында суретші өз шығармашылығы, көрмеге ұсынылған туындылары, жаңа жобалары туралы айтып, көрермендердің сауалдарына жауап берді. Ғани Баян дербес көрмеде акварель техникасындағы 30 туындысын ұсынып отыр.
Кейіпкер, Ғани Балмұқанұлы Қостанай облысының Федоров ауданының Қоржынкөл ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін тәмамдаған. Г. Сапуговтың шәкірті. Ол республикалық және шетелдік көрмелердің қатынасушысы. Оның туындылары еліміздің бірқатар музейлерінің қорларында, оның ішінде Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде, сондай-ақ, акварельші ретінде танылған суретшінің стилі өткен ғасырдың 70-ші жылдарында қалыптасқаны көрермендеріне жақсы мәлім.
– Ауылда ортаңғы сынып оқып жүрген уақытта, қателеспесем 8-сынып болуы керек, сурет сабағы болатұғын. Мен сабақ барысында өзімізге берілген тапсырма бойынша сурет салуға кірістім. Аяқтап бола бергінімде мұғалім артымнан келіп қарап көріп, менен мына суретті өзің салдын ба деп танданысын білдірді. Мен, ия өзім салдым дедім. Содан бері, ол кісі менің сурет өнеріне деген құлшынысымды байқап, әрі қарай дамытуыма зор септігін тигізді. Ал, бізге жақын арасы екі жарым шақырым болатын көрші ауылда суретшілердің сурет салатын студиясы ашылған болатын, мен соған жаяу барып келіп жүрдім. Содан солай бірте-бірте қалыптасып кете бердік, – деді суретші, Ғани Баянов.
Автордың шығармашылығында акварель ерекше орын алады. Ғани Балмұқанұлы жиырма бес жылдан астам уақыт акварель техникасымен айналысып келеді. Суретші майлы бояуда көрсете алмағаныңды акварельде күңгірт түстермен беруге болатынына сенімді. Бояудың бұл түрімен жұмыс істеу ерекше рухани күш-қуатты және шабытты қажет етеді.
Суретшінің акварелі татулық пен тыныштыққа, көркемдік пен философиялық астарға толы. Автор өз жұмыстарында інжілдік оқиғаларға, жанрлық кескіндеме классикасы мен жеке естеліктеріне жүгінеді. Дәуір мен дәстүрдің, адам мен табиғаттың астасқан байланысын көрсетуге тырысады. Бұл, оның, «Юдифь», «Қонақтар. Шөптегі таңғы ас», «Шомылушылар», «Жайылымнан оралу» және тағы өзгеде туындылары.
Сералы МЫРЗАБАЙ,
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77