Культура

Архимед Мұхамбетов І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына автобус сыйлады

Театр қызметкерлері облыс әкімінің қолынан марапатқа ие болды

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына барып, ұжымды 20-жылдық мерейтойымен құттықтады.

Естеріңізге сала кетейік, театр 2000 жылы Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаевтың облысқа сапары кезінде ашылған болатын.

– Осы уақыт ішінде театрдың шығармашылық ұжымы көрермендерін мазмұнды репертуарымен қуантып келеді. Әр жылдары республикалық, халықаралық фестивальдерге қатысып, ел аумағында және шетелдерде гастрольдік сапармен болып қайтты. Театр ұжымына зор шығармашылық табыстар тілеймін, – деп лезібін білдірді Архимед Мұхамбетов.

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов театрдың гастрольдік сапарларын ұйымдастыру үшін автобус сатып алуға арналған сертификат табыстады. Театр басшысының айтуынша, облыс әкімінің бұл тартуы театр үшін үлкен сый болғандығын айтады.

– Театрда бұрын автобус болған, алайда тозығы жетіп, жиі бұзылып, жүріп тұру қиындап кетті. Сапар кезінде екі рет жолда қалған кезіміз де болды. Өңір басшысы Архимед Бегежанұлы театр мерейтойымен құттықтай келіп, автобус сыйға тарту етті. Бұл ұжым үшін үлкен қолдау болды. Қазіргі таңда облыстың экономика бөлімімен шаруалар ыңғайластырылып жатыр, бір айдың көлемінде автобусты аламыз деп отырмыз. Сонымен бірге, театр ішінен ашылған мұражайды аралап көріп, көне заттардың тарихын сұрап, үлкен қызығушылық танытып, жоғары бағасын берді, – дейді театр директоры Әлімхан Мырзахан.

Кездесу барысында өңір басшысы театр қызметкерлері мен әртістеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін, «Мәдениет саласының ардагері» медалін және Құрмет грамоталарын табыстады.

Төсбелгі алғандардың ішінде костюм цехының меңгерушісі Марғайша Сабыржанова «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

– Театрға мен жолдасым Өзбек Мұқашевпен бірге еріп келдім. Алғаш 1974 жылы жолдасым Арқалыққа шақырту алды, сол кезде мен де театрға жұмысқа кірдім. Міне 46 жылдан астам уақыт үздіксіз жұмыс жасап келемін. Осы уақытқа дейін облыс әкімінің Құрмет граотасымен, Мәдениет қайраткері атағын иелендім. Биыл театрдың мерейтойына орай, «Еңбек ардагері» төсбелгісін тақты. Біріншіден өзімді қолдаушы ұжымның, одан соң еңбегімді бағалаған басшылардың арқасы деп білемін. Осындай марапатқа жеткізген обылыс әкіміне және обылыстық мәдениет басшысы Ерлан Қалмақовқа алғысым шексіз. Адамды бағалап еңбегін елей білетін театр директоры Әлімхан Мырзаханға деген алғысым шексіз, – дейді марапат иесі Марғайша Сабыржанова.

Театр ашылған тұстан күні бүгінге дейін 20 жыл қызмет етіп келе жатқандардың қатарында театр әртісі Бақытжан Таңатқанұлы да бар. Осы уақыт аралығында классикалық қойылымдардан «Қозы Көрпеш – Баян Сұлуда» – Қодардың рөлінде, «Еңлік – Кебекте» – Кебекті ойнады. Жергілікті драматург Ақылбек Шаяхметтің, «Еңбек ер атандырады» қойылымында Сайран Бұқановты сомдаған. Театр әртісі мерейтой қарсаңында «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды.

– Еңбек еленіп жатқан тұста Аллаға шүкір деп отырамын. Менің өнерімді бағалайтын көрерменге мың алғыс. Театр жұмысы ұжымдық үлгіде атқарылады. Сол себепті қолдау білдіруші әріптестеріме рахмет. Бала күнгі арман әртіс болу еді, алайда ол кезде әртістерге қырын қарағандықтан оқуын оқу мүмкін болмады. Дегенмен де өнерге деген сүйіспеншілік өзіне тартпай қоймады, сол себепті басқа мамандықпен келдім. Кейін Ресейдің Екатеринбург қаласында театр институтын тәмамдадым, – дейді театр әртісі Бақытжан Таңатқанұлы.

Қазіргі таңда Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сай театр жұмысы тоқтап тұр. Алайда, театр ұжымы көрерменмен қауышуға әркез дайын.

«Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен наградталады:

Бейгайдаров
Олжас Қонысбекұлы
І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі

Жапаров
Мейрам Сүгірбайұлы
І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі

Бақытжан Таңатқанұлы
І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі

Чукеев
Азамат Төлегетайұлы
І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі

Шаймердинова Гүлнар Құрманғалиқызы
Театр басшысының орынбасары

«Еңбек ардагері» медалімен марапатталады:

Сабыржанова Марғайша
Театрдың костюмері

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы

Есенғұлова Шахарбану
І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хаты
Құбаш
Мөлдір Асылқызы
І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі

Кенжахметов Нұрлыбек Жеңісбекұлы
І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі

Камалова Бахыткүл Хамитқызы
Контролер-бақылаушы

Облыс әкімінің грамотасы

Айтқожина
Роза Базенқызы
І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының костюм цехының меңгерушісі;

Бегайдарова
Замзагүл Жүсіпқызы
І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әртісі;

Дабылова
Ақтоты Ожанқызы
І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының реквизиторы;

Есжанова Әсем Орынбайқызы
І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әртісі,

Кенжетай
Асылан Бақытбекұлы
І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әртісі,

Қызыров
Ғабит Сәбитұлы
І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әртісі;

Құбаш
Дос Айжарықұлы
І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының қоюшы режиссері;

Рахимжанова
Үмітжан Сайранқызы
І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының бухгалтері;

Сартаева
Алуа Олеговна
І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының костюмдер бойынша суретшісі;

Тұрсынова
Дианна Байдәулетқызы
І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әртісі

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суреттi түсiрген Бердiболат Көркембаев


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77