Өңір басшысы өзінің «Instagram» парақшасында пікір қалдырған адамның сұрағына жауап берді
Аймақ басшысы әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізді.
Жиын барысында індетке қарсы жаппай екпені ұйымдастыру жөнінде мәселе қаралды. Ағымдағы жылдың 1 ақпанына қарай коронавирусқа қарсы вакциналар Қазақстан бойынша таратылады. Облысқа әкелінетін вакцинаның бірінші партиясы – 1300 дана. Екпе егілетін адамдардың алғашқы легі анықталып отыр. Олар – инфекциялық стационарлардың, жедел медициналық көмектің, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының, стационарлардың қабылдау бөлмелерінің, санэпидқызметтің қызметкерлері.
Медициналық ұйымдардың жанында екпе кабинеттері дайындалып, көшпелі мобильді топтар құрылған.
Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов шектеу шараларының күшейтілетіні туралы мәлімет берді.
– Коронавирус бойынша жағдай нашарлау үрдісімен қолайсыз деп сипатталады. Осының салдарынан аймақ «қызыл аймаққа» ауысты. Осының негізінде және коронавируст инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі республикалық ведомствоаралық комиссияның ұсынымы бойынша, біз 2021 жылғы 18 қаңтардан бастап екі апта мерзімге шектеу шараларын күшейту жөнінде шешім қабылдадық, – деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов өзінің «Instagram» парақшасында пікір қалдырған адамның «Сіз вакцинаны өзіңізге қолданасыз ба?», – деген сұрағына жауап берді. Архимед Мұхамбетов, «Мен КВИ-мен ауырдым, сол себепті менде антиденелер түзілуде. Бірақ кейінірек міндетті түрде вакцина салдырамын», – деп жауап берді.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Сурет облыс әкімінінің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77