Бүгінде мұнда келушілердің саны артқан
Елімізде белең алып, көпшіліктің үрейін туғызып отырған коронавирус дертіне байланысты енгізілген карантин режимінде барлық мекемелер есіктерін жауып, қызметкерлері үйде отырып жұмыс істеуге кіріскен сәт.
Осы кездері музейлер, кітапханалар жабылып жұртшылық кітапты онлайын оқып, ашық аспан астындағы музейге баруды әдетке айналдырып үлгерді.
Қала тұрғындарына арналып, облыстық тарихи-өлкетану музейі 2009 жылы «Ашық аспан астындағы музейді» ашқан болатын. Бүгін де осында келіп, сонда қойылған тарихи құнды дүниелермен танысып, білім көкжиектерін кеңейтіп жүрген жандардың қарасы артқан.
Бұл жайында музейдің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Нәзима Оташевадан сұрағанымызда:
– Облыстық тарихи-өлкетану музейінде ашық аспан асындағы музей қысы-жазы жұмыс істейді. Онда астықты өлкеміздегі егін алқаптарында қолданылған құралдар, өңірімізден шығатын пайдалы қазбалардың түрлері, алтыбақан, мәр-мәр тастар және басқа да құнды дүниелер қойылған. Сондай-ақ ол жерде 1919 жылы ату жазасы орындалған «Қазал қабырға» да бар. Оның ішіне кіріп, аралаған жандар оқтың ізі қалған қабырғаларды көре алады. Бұл жерге қала тұрғындары мен қонақтары жиі келіп тұрады десем қателеспеймін,-деді.
Бүгін де үйде отырып зерігіп кеткен жандар үшін ашық аспан астындағы музейдің есігі айқара ашық. Бір сәт балаларыңызды ертіп, осы құнды дүниелерді тамашалап, бүлдіршіндеріңізді облысымыздың тарихымен таныстыруға әбден болады. Ең бастысы сақтық шараларын ұмытпаған абзал.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77