«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының жұмысы қарқынды жүріп жатыр
Қазіргі уақытта қоғамда ақпараттық технологиялармен қатар, қашықтан оқыту технологиясы да тез дамуда. Қашықтан оқыту – тіл үйренуші өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі бар, оқытудың арнайы құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым пошта, телефон арқылы оқытушылармен кері байланыс жасауына болатын жүйе.
Осы орайда, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қостанай облысында мемлекеттік тілді, ағылшын тілін және ана тілдерін ересектерге оқытатын 1 облыстық, 3 қалалық, 16 аудандық тілдерді оқыту орталықтары 2020 жылғы 16 наурызда елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты басқа да білім беру мекемелері сияқты тілдерді оқыту процесін қашықтан оқыту режиміне ауыстырды.
«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы қашықтан оқытудың бірнеше платформаларының ішінде, мемлекеттік қызметшілер мен бюджет саласының қызметкерлерін, ересектерді оқытуда ең тиімді платформа ретінде «Zoom» бағдарламасының мүмкіндіктерін қарастырып, оны тиімді пайдалану көздерін жіті зерделеді. Алдымен орталық мамандары «Zoom» бағдарламасының тиімді тұстарын меңгеріп, оны аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушыларына оқу-әдістемелік көмек көрсету мақсатында онлайн вебинар өткізді. «Zoom» бағдарламасы арқылы сабақ өткізу, вебинар, семинар өткізу өте тиімді. Себебі, оқытушының сабағына бір мезетте тыңдаушылар қатысып, слайд арқылы берілген тақырыпты көріп, тыңдап, кері байланыс жасауына да мүмкіндік беріледі. «Zoom» бағдарламасын пайдалану үшін оқытушы мен тыңдаушыға кең жолақты интернет, компьютерге немесе смартфонға жүктелген бағдарлама болуы шарт.
Аталмыш тілдерді оқыту орталығының басшысы Жұлдызай Ербатырованың айтуына қарағанда, Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен төтенше жағдай режимі кезінде облыстық көлемде мемлекеттік тілді оқыту, оны насихаттау бойынша көптеген ауқымды іс-шаралар өткізілді. Атап айтатын болсақ, аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталықтарына оқу-әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Қашықтан оқытудың тиімді жолдары» атты онлайн семинар, өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Қашықтан оқытуда интернет ресурстарын пайдаланудың ммүкіндіктері», «Қашықтан оқытудың жаңа технологиялары» атты өңіраралық онлайн курстарда «Zoom» платформасы арқылы ұйымдастырылып, оған Назарбаев университетінің оқытушысы Күлән Көпеш, ҚМУ-нің аға оқытушысы Бақыт Әбілбекова, Қарағанды облыстық ресурстық орталығының бөлім басшысы Жұпар Жақанова шақырылып, онлайн дәрістер жүргізілген. Аталған онлайн курстарды облыс бойынша және басқа да өңірлерден әдіскер-оқытушылар «Zoom» платформасы арқылы қатысып, тыңдаған.
Сонымен қатар, ЖОО-мен өзара әріптестік байланыс орнату негізінде ҚМУ-нің тіл және әдебиет теориясы кафедрасымен, ҚМПУ-нің филология департаментімен бірлесе отырып рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру аясында қазақ тілін латын графикасына көшіру бойынша онлайн дөңгелек үстелдер өткізілуде. Төтенше жағдай режимі кезінде оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында ҚР МСМ Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 6 онлайн семинар, дәрістерге Қостанай облысы бойынша тілдерді оқыту орталықтарының мамандары қатысып, сертификат иеленіп, өз біліктіліктерін арттырды. Республикалық деңгейде өткен онлайн дәрістерді А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының және «Тіл-Қазына» ҰҒП орталығының ғалымдары жүргізді.
Тілдерді үйрету мақсатында цифрлық технологияның әлеуеттерін қашықтан оқыту процесіне тиімді пайдалана білу – ол да оқытушының білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты екенін уақыттың өзі көрсетіп отыр.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77