Новости События

«Қасиетті Қазақстан. 3 том» кітабы жарық көрді

Бұл энциклопедия жұртшылықтың қызығушылығын тудырды

«Қазақстанның киелі географиясы» жобасы аясында жоспарланған бес томдық энциклопедияның кезекті 3 томы жарыққа шықты.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінді энциклопедияның тұсаукесері өтті. Туған өлкеміздің тарихы мен мәдени мұрасына арналған кітапты «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Батырхан Жұмабаев таныстырды.

Бұл құнды еңбекке Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Жамбыл облыстарының киелі жерлері, тарихи оқиғалар өткен қасиетті орындары, табиғи ландшафттың ерекше ескерткіштері және ұлттық кұнды мәдени мұралары енгізілді. Тұрғындардың назарларына бұл кітап туған өлкеміздің тарихи және мәдени мұрасын кеңінен таныстыру мақсатында ұсынылап отыр.

Бұл іс-шараға қостанайлық өлкетанушылар, тарихшы-ғалымдар, мәдениет қызметкерлері, өңірлік «Рухани жаңғыру» жоба кеңсесінің өкілдері қатысты. Олар жиналған қауымға облысымыздағы киелі орындар жайында өздерінің білгендерін баяндады. Сонымен қатар келешек ұрпақ үшінде бұл құнды еңбектің маңыздылығын атап өтті.

Аталмыш музейдің экскурсиялық-мәдени ағарту жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Бақытгүл Мұратбекованың айтуына қарағанда, «Қасиетті Қазақстан.3 том» деп аталатын энциклопедияда облысымыздағы көбі біле бермейтін киелі мекендер туралы кеңінен жазылған. Бұл құнды кітапты қолына алған жанның киелі жерлердің тарихымен танысып, білім көкжиектерін кеңейтетіні сөзсіз.

 

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77