2025 жылы қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталып, 29 наурызға дейін жалғасады. Бұл кезеңде мұсылмандар ораза ұстап, қосымша намаздар оқып, рухани дамуға ерекше көңіл бөледі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) елді мекендер бойынша ораза кестесін жариялады. Рамазан айының ең маңызды түндерінің бірі – Қадір түні 26-нан 27 наурызға қараған түні болады.
Қасиетті айдың соңы Ораза айт мерекесімен аяқталады. 2025 жылы ол 30 наурызға сәйкес келеді. Сонымен қатар, ҚМДБ пітір садақа мөлшерін бекітті. 2025 жылы оның көлемі 655 теңгені құрайды.
Рамазан – бұл тазару, иманды күшейту және игі істер жасау айы. Бұл қасиетті ай әлемдегі миллиондаған мұсылмандарды біріктіреді.
Аяжан СЕРІК,
кесте ҚМДБ сайтынан алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77