Новости События

Қазақстан-Ресей ерікті жастары бас қосты

«Ел ертеңі – болашақ жастардың қолында» атты форум болып өтті

Қала әкімдігінің өкілдері теміржол вокзалында форумға қатысушылардың делегациясын салтанатты түрде қарсы алған болатын. Қостанайға табан тіреген форумға қатысушылар қатарында өзіміздің елімізден Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан және Ресейден арнайы келген жас еріктілер бар.

Жастар сарайында өткен форумға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетов және мыңға жуық ерік жастар қатынасты.

– Қазақстан мен Ресей арасындағы тығыз байланыстың арқасында бүгін айтулы іс-шараға куә болып отырмыз. Бұл дегеніміз біздің жастар көршілес Ресей елімен көнеден үзілмей келе жатқан достық байланысты берік сақтауларының нақ көрінісі. Қостанай облысы ұлы есімдерге бай. Біздің өңірден небір батырлар, ақындар мен жазушылар шыққан. Бұл өлке Ыбырай Алтынсаринның, Ахмет Байтұрсынұлының, Шоқан Уалихановтың, Аманкелді Имановтың, Кейкі батырдың, Мәриям Хакімжанованың және көптеген қоғам қайраткерлерінің туған жері екендігін айта кеткім келеді. Бұл форум жастар жылына орай ұйымдастырылып отыр. Елбасы атап өткендей бүгінгі жас буын біздің болашаққа деген зор үмітіміз. Мемлекет тарапынан жастарды қолдауға арналған көптеген игі істер жасалуда. Қостанай облысында да жастар мәселесі назардан тыс қалған емес, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Сондай-ақ форумның басты бағыттарының бірі еріктілер қозғалысын дамыту болып табылады. Бүгінде Қазақстан бойынша 2010 жылғы көрсеткішке сүйенсей 30 000 мыңға жуық еріктіге жеткен.

Олардың жас айырмашылығы 12 мен 82 жас. Ерлердің үлесі 32%-ті құраса, әйелдердің үлесі 68%-ті құраған.

– Қостанай қаласы ауқымды шараны қолға алып, ұйымдастырағына қуаныштымын. Бұл форум Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты арттырып, тәжірибие алмасуға себеп болады деп нық сеніммен айта аламын. Елбасының жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланған болатын. Жастарымыз Тәуелсіздік алған жылдардан бастап мемлекеттің қолдаушысы, тірегі бола білді. Сол себептен де мемлекет тарапынан жастар назардан тыс қалмайды, әрдайым зор қолдауға ие бола бермек. Оған дәлел Елбасы «Болашақ» бағдарламасын қолға алып, сол бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы бағдарлама арқасында 13 мыңнан астам жастар осы күні шет елдерде тегін оқып, білімдерін жетілдіріп жүр. Бітіріп елге оралғандары да еселі еңбек етуде. Сөзімнің сонында сіздерге тілерім осы форум естеріңізде қалып, өмірлеріңізге жақсы жағынан мол өзгерістер алып келсін, – деді Дәурен Абаев.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77