Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана немесе білім алуға жұмсауы мүмкін

Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана немесе білім алуға жұмсауы мүмкін

Комментарии к записи Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана немесе білім алуға жұмсауы мүмкін отключены
Загрузка...


«Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деп аталатын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бүгін де қоғамда жан-жақты талқыланып жатыр

Президенттің Жолдауында зейнетақы жайы да қозғалды. Ол бұл жайында: «Қазір жұмыс істеп жүрген адам өзінің зейнетақы жинағын тек зейнетке шыққаннан соң ғана пайдалана алады.

Бірақ олардың бұл қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдаланғысы келетіні түсінікті жағдай.
Жұмыс істейтін азаматтар өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа, соның ішінде баспана сатып алуға немесе білім алу үшін пайдалану мәселесін жыл соңына дейін пысықтауды Үкіметке тапсырамын» деп атап өткені баршаға белгілі.

Осы жайында Министр Біржан Нұрымбетов зейнетақы қорындағы қаражатты қазақстандықтардың баспана мен білім алу мақсатында жұмсау жоспары қашан әзір болатынын айтып берді.

«Қазіргі уақытта бірыңғай зейнетақы жинақтау қорында 10 трлн теңге көлемінде қаражат бар. Бұл дегеніміз шамамен 9 млн 900 мың адамның зейнетақы қоры. Орта есеппен алсақ, бұл жинақталған сома адам басына шаққанда 1 млн теңгеден келеді. Сондықтан да Президенттің Жолдауында айтылған зейнетақы қорындағы жинақталған қаржыны қазақстандықтардың баспана мен білім алуға жұмсау мәселесін біз бүгінде Ұлттық банкпен бірлесіп қарастырып жатырмыз. Әрине, бұл кең талқыдан өтуі қажет. Себебі зейнетақы қорындағы қаражат болашақтың ақшасы, яғни зейнеткерлікке шыққанда берілетін төлемақы. Жыл соңына дейін оның қалай жүзеге асырылатыны туралы жоспарды әзірлейтін боламыз»,- деді Біржан Нұрымбетов

Осыған қарағанда болашақта қазақстандықтар жинаған зейнетақыларын мақсатты түрде жұмсауы мүмкін. Міне, бұл жағымды жаңалықты естіген қала тұрғыны Ерлан Байгенжинің пікірін білген болатынбыз. Бұл жайында ол:

— Мен зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алу немесе білім алуға жұмсау мақсатында берілуі мүмкін екенін естіп қуанып қалдым. Осы мәселе толық шешімін тауып, қолыма қаражат тиіп жатса, баспана сатып алуға жұмсаймын. Көп жылдар қатарынан жұмыс істеп, зейнетақыны үзбей жинаған едім. Сондықтан зейнетақы жинағым да көп екен. Енді соның бір бөлігін баспана алуға жұмсасам жақсы болар еді,-деді.
Бүгін де екінің бірін толғандырып жүрген баспана мәселесін шешудің тағы бір жолы пайда болған сыңайлы. Болашақта қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарын алып, керегіне жарататын болады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Сурет ғаламтор желісінен алынды

Loading...

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись