COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

101610

Выздоровевших

107134

Зарегистрированных случаев

3458

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1671

Летальных случаев

Біздің Қостанай

Қазақтың қайсар қызы

немесе арбада билеуден әлемге танылған Мәлика Мұхтарова жайлы мөлтек сыр


Салауатты өмір салты – бұл ең алдымен денсаулықты сақтау және нығайту жолындағы белсенді жұмыс.

Қазақта « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген керемет сөз бар. Әр адам өзінің денсаулығын ең бірінші орынға қоя білуі қажет. Яғни, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстану керек.

Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты мақсат етіп қойған.

Елбасы өзінің кезекті Жолдауында да салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігін айтқан болатын. Табиғаттың берген ең ұлы сыйы – денсаулығымызды күту өз қолымызда.

Дегенмен, бүгінде денсаулығына бейжай қарап, түрлі зиянды заттарды (Темекі тарту, ішімдік ішу, есірткі тарту т.б) қолданатын жастарымыздың қатары әлі де болса аз емес.

Дәл осы орайда сондай ұл – қыздарымызға үлгі боларлық, жас болса да көп жетістіктерге қол жеткізіп, өзінің денсаулығын бәрінен жоғары қоятын, арбада билейтін қызымыз Мәлика Мұхтарова жайында сөз қозғағымыз келеді.

Мәлика 2000 жылы 21 наурызда Қостанай облысындағы Меңдіқара ауданында дүниеге келді. Тағдырдың жазуы болар, кішкентайынан кездескен қиындықтарға еш мойымады. Қайта қайсарлана түсті. Соның арқасында талай белестерді бағындырды.

Ауызын ашса жүрегі көрінетін ақжарқын қыз қаладағы Гафу Қайырбеков атындағы №9 орта мектепті тәмәмдады. Қазіргі таңда Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде 3 курста оқиды.

Қысқа мерзім ішінде бойжеткеннің шыққан биіктері баршаны таңғалдырды. Ол арбадағы биден халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды. Сөйтіп, арамызда жүрген он екі мүшесі сау адамдардың қолынан келе бермейтін шыңдарға көтерілді.

Ол мектепте оқып жүрген кездің өзінде-ақ ұстаздары мен сыныптастарының арасында үлкен құрметке бөленді. Әншілік қырларымен де жерлестеріміздің назарын аударды.

Әрине, оны асыл әжесі мен ата-анасы үнемі қолдады. Жылдар өткен сайын тәжірибесі де артып, есімі дүниежүзіне танылды. Сонымен тынымсыз ізденістің арқасында, Мәлика SPODA спорт түрі бойынша республикалық жарыстарға қатысып, жүлдері орындарға ие болды. Сондай-ақ 2015 жылы Қостанай облысының спорт және бал билері бойынша бірнеше дүркін чемпионы атанды. 2016 жылдан бастап спортшы қыз халықаралық байқауларда өзін тек жақсы жағынан көрсетті. Санкт — Петербургтағы әлем және құрлық кубогтарының қола медалін жеңіп алды.

Қостанайлық замандасымыз Мәликаның табандылығы мен жеңіске деген ұмтылысы онымен шектеліп қалған жоқ. Мәселен, алып мемлекет Қытайда өткен Азия чемпионатында да дараланды. Бұл елден қос алтын медальді кеудесіне тақты.

Сонымен қатар кейіпкерім көпке белгілі «Жан Шуақ» және « Жастардың алтын кітабына„ енді. 2017 жыл қандасымыз үшін өте жемісті болды. Ол Белгияда өткен әлем чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері атанды.

Өмірге құштар, жаны нәзік қыздың ең басты ұстанған қағидасы – тіршілікте қандай қиындық кездессе де мойымау, әу баста алдына қойған үлкен мақсатына қол жеткізу.

– Менің ғұмырымдағы басты тірегім де, қамқоршым да отбасындағы асыл жандар. Олар дер кезінде қолдамағанда, бойымдағы қабілет-қарымымды тиісті деңгейде ұштауға мүмкіндік жасамағанда, қазіргідей биік шыңдарды бағындыра алмас едім, – дейді Мәлика Мұхтарова бізбен болған әңгімесінде.

Үстіміздегі жылдың жастар жылы болып жарияланғаны белгілі. Сондықтан да еліміздегі бойжеткендер мен бозбалалар жасалып отырған қамқорлық пен мүмкіндікті тиімді пайдаланып, өздерін жан-жақты көрсетеді деген үмітіміз зор екендігін жасыра алмаймыз.

Қостанай ежелден дарынды қыздарымен аты шыққан. Бүгін әңгімемізге өзек болып отырған Мәлика Мұхтарова да жаста болса әлемнің біраз елдерінде өнер көрсетті.

Басқа елдегі азаматтар да ұлтымыздың перзенттерінің арасында осындай дарынды, батыл да қайсар бойжеткендер бар екендігіне көздері айқын жетті. Біз сөз соңында Мәликаға тек қана ізгілік, спорт пен өнерде жұлдызың жана берсін дегіміз келеді.

Сағыныш Ибрагим


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77