Отын нысандарға уақытында жеткізілетін болады
Жалпы облыс бойынша 120 жылу қазандығы қайтадан жөнделіп, ондаған шақырымды қамтитын жылу құбырлары ауыстылыған. Облыс әкімдігінде өткен жиында жылу маусымына дайындықтың толық жағдайы талқыланды. Коммуналшылардың берген мәліметінше қала мен аудандардағы жылу энергетикалық компаниялар мен жылу трассаларын жөндеу жұмыстары жүргізілу үстінде.
Қыстың қамын жаз ойлан. Осындай қағиданы қаперлерінде ұстаған коммуналдық мекемелер келер жылу маусымына әзірлікті баяндады. Құбырлар маусымаралық кезеңде жоғары қыммен сынақтан өткізілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде 125 шыдас бермес тұстары анықталып, кем-кетігі қалыпқа келтірілді. Осы жаз уақыты аралығында жылу беру жүйелері жөнделіп, әлеуметтік нысандар отынмен қамтамасыз етілетін болады.
– Әлеуметтік нысандардың әзірге 70%-ы жылу маусымына сақадай-сай. Соның ішінде білі беру мекемесінің 492-і қысқа қамданған, – деді баяндама барысында облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Алмат Исенбаев.
Жыл жоспары бойынша 102 қазандық қалыпқа келтірілмек. Оның 8-не күрделі жөндеу жұмысы жүргізілетін болады. Ал, қазіргі таңдағы қорытынды бойынша 7,33 шақырым жылу жүйелері күрделі жөндеуден өткен.
Өңірге қажетті 487 мың тонна отынның бүгінде 163 мың тонна көмірі тасылып алынған. Бұл жалпы отын қорының 34%-ын құрайды. Бюджеттік мекемелерге уақытылы 53 мың тонна көмір нысан қоймасына жеткізілген. Ал, олблыстың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы қалған отын қорының тиісті уақытындажеткізілетіндігін айтты.
Өз тілшіміз
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77