Образование

Бүгін қаламыздағы барлық жоғары оқу орындарында құжат қабылдау науқаны басталды

Атап айтқанда, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университеті, Академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті және М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті талапкерлерден құжат қабылдауды бастап кетті.

Ол үшін сізге келесі құжаттар қажет:

– білімі туралы аттестат;
– 3х4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
– 075/е нысанындағы медициналық анықтама;
– жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме);
– ҰБТ нәтижесі.

Егер сіз шығармашылық емтихан тапсыратын болсаңыз, оған қатысуға өтініштер 20 маусым мен 10 тамыз аралығында қабылданады. Мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін өтінішті 6 шілдеге дейін беру қажет. Ал ақылы негізде оқуға түсетіндер өтінішті 10 тамызға дейін бере алады.
Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына өтінімдер 13-20 шілде аралығында қабылданады. Жалпы конкурс нәтижелері 10 тамызға дейін белгілі болады.

Гүлжан БӨЛЕГЕН, суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77