Құтқарушылар қостанайлықтарды жұқа мұздың қауіптілігі туралы ескертті
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде республикалық және өңірлік БАҚ үшін брифинг өтті. Кездесуге Жітіқара ауданындағы күзгі мұз қату кезінде екі баланың өмірін қиған жасанды су айдынында болған төтенше жағдай себеп болды.
Қостанай облысының ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Т. Кәкімов журналистерге жұқа мұздың қауіптілігі туралы айтып, қиын жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндірді.
Спикердің айтуынша, ТЖ департаменті жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде маусымдық ТЖ алдын алу жұмыстарын жүргізеді, олардың бірі мұздың пайда болуы кезінде ТЖ алдын алу болып табылады. Мұз қату қарсаңында құтқарушылар БАҚ жариялау арқылы және әлеуметтік желілер арқылы мұз үстіндегі қауіпсіздік қағидалары туралы азаматтарды бірнеше рет хабардар етті.
Осы уақытта қауіп-қатер аймағына қысқы балық аулау әуесқойлары, сондай-ақ ата-аналар мен ересектердің қарауынсыз қалған балалар түседі. Бірінші мұздың қатуымен балалар өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, мұздың беріктігін сынауға асығады.
Сондықтан мұзға шығуға асықпау керек, ол тек мықты болып көрінеді, ал шын мәнінде судың қатуы қауіпсіз қалыңдыққа жеткен жоқ. Бүгінгі күні облыс су айдындарындағы мұздың қалыңдығы 3 см жетпейді. Жаяу жүргіншінің өтуі үшін мұз қауіпсіз жасыл реңкті және қалыңдығы 7 сантиметрден кем болмауы керек.
Бұл кезеңде мұз әлі берік емес және адамның салмағын көтере алмайды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындарға мұздың беріктігін аяқтың соққысымен тексеруге қатаң тыйым салынады.
Үстіміздегі жылдың 10 қарашасында Жітіқара қаласындағы жасанды су қоймасында мұз опырылып суға түсіп кеткен 3 баланы полиция қызметкерлері шығарып алған. Алайда 2013 және 2014 жылы туған 2 бала жұқа мұздың құрбаны болды. Ал 2011 жылы туған бала дәрігерлердің көмегімен аман қалды. Балалар ойын кезінде абайсызда құлаған су айдынының тереңдігі 2 метр болған. Мұздың толық қатпағанынан осындай қайғылы оқиға орын алды.
Сондықтан ата-аналар күн сайын балаларға мұздың әлі толық қатпағанын онда ойнаудың өте қауіпті екенін ескертіңіздер, мұзға шығуға қатаң тыйым салыңыздар. Мұздың үстінде ойнаудың арты қайғылы аяқталатынын түсіндіріңіздер. Сонымен қатар балаларыңызды ешқашан қараусыз қалдырмаңыздар.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77