Мұнда өнерлі жастар ұлттық аспаптарда ойнап, жиналған қауымға жоғары көңіл-күй сыйлады
А. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында «Төрлет, әз Наурыз!» атты фольклорлық мерекелік кеш мектеп оқушысы Дамир Лелековтің «Адай» күйін орындаумен ашылды.
Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа жыл келеді.
Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған шараға қаламыздағы №2 орта меткептің 1 сынып оқушылары қонақ ретінде қатысып, ұлттық аспаптармен танысты. Кеш барысында, «Жұлдыз» домбырашылар студиясының өнерпаздары «Балбырауын», «Құлагер», «Тойбастар», «Тепен көк», «Өрлеу», «Ерке сылқым» күйлерін нақышына келтіре орындап, кішкентай бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады. Сонымен қатар «Арбиян қоңыр» халық күйін жетіген аспабында Гүлбахар Назар мен Алтынай Саттыбаева орындады. Қоңыр үнді қобыз аспабында Қостанай педагогикалық институтының 2-курс студенті Жұлдызай Сагимбай «Вальс» туындысын орындап, көпшіліктің жүрегіне жеткізе білді.
-Ұлыстың ұлы күні Наурыз біз үшін шаттыққа толы мереке. Наурыз жайында айта берсек мысалдар өте кө. Әдетте бұл мерекеде біз ұлттық тағамдарымыздың, салт-дәстүрімізді, аспаптарымызды насихаттаймыз. Жалпы, бұл мейрам жанға шуақ шашып, адамдырдың бір-бірімен достасып, ынтымақта ғұмыр кешуіне ерекше әсер етеді. Сондықтан бүгін біздің кітапхана ұжымы меткеп оқушыларына арналған ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен жүрекке кіріп бойда алатын күйлерді ұсынды. Кеш өте әсерлі өтті,-дейді шара ұйымдастырушысы Рагүл Әмірханова.
Осынау ұлттық нақышымыз көрініс тапқан кеште ақ жаулықты әжелеріміз келген кішкентай бүлдіршіндерге шашу шашып, бауырсық, құрт, сүзбе, жент сынды ұлттық тағамдарымызды ұсынды. Фольклорлық кешке жиналған қауым көңіліңді көкке самғататын күйлерді тыңдап, рухани байып қалды.
Елімізге келіп жеткен Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77