Социум

Бас имам Қостанай ауданында болды

Ондағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы үстіміздегі жылға әр өкілдікке нақты тапсырмалар берген болатын. Осы тапсырмалардың аясында Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Қостанай ауданы Алтын Дала ауылындағы «Өтеш ұлы Өтеген қажы» намазханасында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыс барысымен танысты.

Аталған намазханада Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай игілікті іс қолға алынған еді. Алтын дала ауылының тұрғыны әрі мешіт жанашыры Сағындық Есментаев Бас имамға намазханадағы атқарылар жұмыс жоспары жайлы айтып берді.

Сондай-ақ Қостанай ауданы Жамбыл ауылдық намазханасының асханасы да биыл айтулы мерейтой қарсаңында халық игілігіне тапсырылады. Бахытбек қажы Нұрғабылұлы осы сапарында Тобыл қалалық «Маңдай батыр» мешітінің имамы Асылхан қажы Түсіпбекпен бірге елді-мекеннің ақсақалдарымен кездесіп, өзекті мәселелер жайлы әңгіме қозғады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77