COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

112806

Выздоровевших

126182

Зарегистрированных случаев

4776

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1945

Летальных случаев

Социум

«Бастау Бизнес»: Онлайн оқыту басталды

Азаматтар кәсіпкерлік саласында білім алады

Өңірде жаппай кәсіпкерлікті дамытудың екінші бағыты бойынша «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқытуды, жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін гранттар қарастырылуда. Аталмыш «бастау бизнес» жобасы бойынша биыл 1400 адамды оқыту жаспарланған.

– Енгізілген карантиндік шараларға байланысты «AtamekenAcademy» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы онлайн режимде 10 маусымда бастау алады. Бес жаттығу ағымы қарастырылған. Болашақта жағдайдың қалыпқа келуімен офлайн режимде оқытуға көшулері мүмкін, – дейді Гүлнар Әбенова.

Бұл «Еңбек» бағдарламасында қарастырылған «БастауБизнес» жобасы бойынша 2020 жылы оқуға жас отбасылардың мүшелері, аз қамтамасыз етілгендер, көп балалы отбасылар, мүгедектігі бар адамдардың қамтылуы көзделіп отыр. Басқарма басшысының сөзінше екінші бағыт бойынша 200 АЕК дейінгі бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін кем дегненде 400 грант беру жоспарлануда екен. Ал, бүгінгі күні 28,3 млн теңге көлемінде 51 грант беріліп үлгерген көрінеді. Осылайша Қостанай қаласы жоспардың 19,5%-ын орындап отыр.

Айта кету керек, 1 маусымдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтылған 8 629 азаматтың ішінде 4 788 адамына міндетті зейнетақы жарналары аударылған.

– Мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі жобалар бойынша жұмыспен қамту мәселесі де тұрақты назарда. Ағымдағы жылы іске асырылып жатқан жобалар үшін жұмыспен қамту орталықтары аудандарында 552 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда, 8 610 жұмыс орны құрылады. Іс жүзінде, ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша бағдарламаға 165 қатысушы қабылданды, – деп атап өтті Гүлнар Әбенова.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77