Новости Образование

Биыл мемлекет тарапынан 69 мыңнан грант бөлінді

А.Байтұрсынов қызметкерлері ҚМУ-дың ақысыз бөлімі үшін ҰБТ-дің қандай сертификаттары қажет екендігін айтты

Бірінші маусымнан бастап еліміздің жоғары оқу орындарында және колледждердеқабылдау комиссиясы жұмысын бастап кетті. Осы жылғы білім саласындағы өзгерістерге орай, ата-аналармен талапкерлерден қабылдау ережелеріне байланысты көптеген сұрақтар түсіп жатыр. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ қабылдау комиссиясының хатшысы Арман Бекмағамбетов Өңірлік комуникациялар алаңында өткен брифингте осы және басқада сұрақтарға жауап берді. 2019 жылы оқушылар қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айын алғанда, ҰБТ-ны төрт рет тапсыруға құқылары бар. Барлық тестілеудің сертификаттары жарамды, ақылы бөлімде оқймын деген түлектер сол сертификаттардың кез-келгенін ұсына алады.

– Үміткерлер әртүрлі мамандандырылған пәндер бойынша тестілеу мүмкіндігіне ие. 13 шілдеден 20 шілдеге дейін өткізілетін білім гранты бойынша байқауға қатысу үшін сізде ҰБТ маусымы туралы куәлігіңіз болуы қажет. Бұл конкурста жарамды, – деді ҚМУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Арман Бекмағамбетов.

Бұдан басқа, конкурсқа қатысушы үміткер, егер өзі қалаған жағдайда, төрт білім беру бағдарламасы мен грант алуға ниет білдірген университетті белгілеуге құқылы.

–Ақылы білім жүйесіне кіретін колледж түлегі, тиісті білім беру бағдарламасы, ҰБТ сертификатынсыз, қабылдау комиссиясының ішкі емтихандарына өтеді», – деп атап өтті Арман Бекмагамбетов.

Магистратураға өтудің кезендеріне де өзгерістер енгізілген. Құжаттарды қабылдау 3 шілдеден бастап 25 шілдеге дейін жалғасады. Қабылдау үшін үш блоктан тұратын тестілеуге қатысу қажет, олар шет тілі, оқытуға дейінгі дайындық дегейін тексеріп тест тапсырады және арнайы пәндер сынағынан өтеді.

Докторантураға 3 шілдеден бастап 25 шілдеге дейін құжаттарды қабылдайды. Ол үшін магистрант IELTS немесе TOEFL сертификатына ие болуы керек. Сондай-ақ, университеттер негізінде өткізілетін емтихан тапсыру қажет.

–ҚМУ-дағы қабылдау комиссиясы биылғы жылы Абай-28 және Байтұрсынов 47-де жұмыс істейді. Өтініш берушілерге ыңғайлы болу үшін осылай жасадық – деп ҚМУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Арман Бекмағамбетов қорытындылады.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77