Социум

Биыл Қостанай өңірінде 5 мешіт пайдалануға беріледі

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып отырған құрылыс орындарын облыстың бас имамы аралады

Қостанай өңірінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бірнеше мешіт пайдалануға берілмек. Бұл туралы мешіт құрылысымен танысқан облыстың бас имамы Бахытбек Тәжімбет хабарлады.

– Нақтылап айтатын болсақ, биыл өңірде 1 аудан және 4 ауылдық мешіттер пайдалануға беріледі. Мысалы, қысқаша тоқталсақ, Құсмұрын, Шербаков елді-мекендерінде жаңа мешіт құрылысы аяқталып, жергілікті мұсылмандардың имандылық ордасына айналады. Сонымен қатар облыстағы Алтын Дала, Бөрлі, Обаған ауылдарындағы жұртшылыққа бұрыннан қызмет көрсетіліп келе жатқан мешіттер бүгінгі уақыт талабына сай толық күрделі жөндеуден өтіп, көпшіліктің игілігіне беріледі»,- дейді бас имам.

Сондай-ақ бас имам дін қызметкерлерімен кездесу кезінде атқарылған істердің сапасына, мешіттердің іші-сыртының тартымдылығына, сыйымдылығына айрықша көңіл бөлу керектігіне тоқталды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77