Культура Новости

Биыл, Қостанай облыстық І.Омаров атындағы қазақ драма театры ХХ маусымның ашылуына «Қаламгер» спектаклін ұсынған болатын

Ал, жақында облыстық драма театр Алматы қаласынан оралды. Оңтүстік астана төрінде алаш ардақтысының мерейтойына орайластырылған шараға шақырту алып, Би-аға туралы қойылымды сахналап келді

– Алматы қаласының әкімдігі Бейімбет атындағы қормен байланысқа шығып, осы қойылымды Алматыда сахналауға ынта білдірді. Спектакл, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында қойылды. Театр сыйымдылығы 730 орындық болатын, ал, осы жолы тіпті адамдар сыймай қалды. Қойылым әсерлі болғаны соншалық, көрермендер ыстық ықылас білдіріп, орындарын тұрып қошемет танытты, – дейді І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Абылай Маудан.

Айта кетейік қойылымның режиссері Әлия Баймахан. Ал, қойылымда басты кейіпкерлерді сомдаған театрдың актерлері Нұрлан Байшин (Бейімбет Майлин), Қымбат Әуезханова (Гүлжамал) сомдаса, бала Беймағанбет бейнесінде – Әлижан Бек болды.

– Қойылым жоғары деңгейде өтті. Отбасын, жасаған жұмысын толық қамтыған. Сол уақыттағы тарих көз алдымызға келгендей әсер алдық. Жалғыз Бейімбет атамыз емес, сол заманда өмір сүрген алаш қайраткерлерінің өмірі де осындай деуге болады. Немересі ретінде өз ризашылығымды білдіргім келеді. Қойылымның әсерлі жерлерінде көз жасынмызға ерік берген сәттер де болды. Өмірдің қиыншылығын балаларымен көрдіғой…, – дейді Би-ағаның немерсі Дәметер Сейітжанова.

Қойылым барысында Би-ағаның абақтыдағы соңғы күндері көрініс тауып, суреттеледі. Тергеу барысында нендей азап шеккендігі, жазықсыз жала құрбаны болғандығы спектаклде көрсетілген.

– Қойылымнан соң, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының, Өнертану факультетінің студенттерімен бірге талқылау болды. Ондай талқылау әрине бізге қажет. Театртану мамандығын оқып жүрген студенттер өздерінің пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын айтты. Қойылымның ерекшелігі, минимализм түрінде ұсынылды, артық декорация жоқ. Қойылымды тамашалауға келген көрермен, актерлердің сахнадағы шеберліктерін көбірек аңғаратын болады. Бұл Би-аға туралы қойылымды, театрдың жиырма жылдық табысы деуге әбден болады, – дейді І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Абылай Маудан.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті ұсынған театр


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77