Дарынды жазушыға құрмет көрсетілді

Қазақ халқына қаламгер Төлен Әбдіктің есімі жақсы таныс. Ол көптеген прозалық туындылардың авторы. 1942 жылы Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген.

Қалың жұртшылық жазушыны драматург ретінде де біледі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметті атқарған.

Ол үстіміздегі жылы 75 жасқа толды. Соған орай Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында шығармашылық кеші болып өтті.

Онда облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев  өңір басшысының атынан Төлен Әбдіковті мерейтойымен шын жүректен құттықтап, иығына шапан жапты. Сый-сияпат жасады.

Бұл басқосудың бір ерекшелігі ол сұхбат түрінде өтті. Оны елімізге белгілі журналист Еркін Таңатқанұлы жүргізді. Дарынды қаламгер өзінің жазған туындылары және мағыналы да мәнді ғұмыры жайлы әңгімеледі.

Осынау кеш барысында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы  Қажығали Мұхамбетқалиев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин, ардақты ақсақал Кәкімжан Кәрбозов ол туралы өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Басқосуда Жангелдин ауданының әкімі Шота Оспанов даңқты жерлестерін құттықтай келе оған аудандық мәслихаттың шешімімен «Жангелдин ауданының құрметті азаматы» атағы берілгендігін жеткізді. Қаламгерге куәлікті табыс етті. Сондай-ақ жерлестері атынан тұлпар мінгізді.

Кездесудің соңында жазушы шығармашылық кешті ұйымдастырушылар мен барша қостанайлықтарға ризашылығын  білдірді.

Аягөз Кәкімжанова

Суретті түсірген Александр ОТКИН

Loading...

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись