Жобаға 14 пен 29 жасаралығындағы балалар мен жастар қатыса алады
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте дарынды жастарды қолдауға арналған «Елбасы Медалі» жобасы бастау алғаны хабарланды.
Аталмыш жобаны, «ЕлбасыМедалі» бағдарламасын «ElÚmiti» бастамасы аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры және«Елбасы Академиясы» Корпоративтік қоры жүзеге асырады.
Бағдарламаның негізгі символы – жетістіктің 7 жебесіне баланған. Ол – жасөспірімдердің қабілетін дамытуға, жас қазақстандықтардың рухын биік ұстауға, жаңа ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған 7 бағыт.
Бұл – спорт, дарындылық пен дағдыны дамыту, кітап оқу, волонтерлік, ұлттық мұра, туристік және жұмыс тәжірибесі. Мәселен спорт болса, оның түрін қатысушы өзі таңдайды.
Бағдарламаға 14 пен 29 жасаралығындағы балалар мен жастар қатыса алады. Ол үш деңгейде болады: қола, күміс және алтын. Қола 14 жастан бастап, күміс 15 жастан бастап, алтын 16 жастан бастап қатысушыларға белгіленетін болады. Әр деңгейде қатысушылардың сабақтарының ұзақтығы мен жиілігіне талаптар қойылады. Қола деңгейге жету үшін 6 ай, күміске 12 ай және алтынға 18 ай қажет.
Қатысушылар өздерінің жетістіктерін бағалайтын тәлімгерлермен жұмыс жасайтын боладды. Бағдарламаның негізгі міндет – 7 бағыт бойынша мақсат қойып, оларға жүйелі түрде қол жеткізу.
– Қойған мақсатына жетпей қоймайтын әр бір жас қазақстандықтың «Елбасы Медалін» иеленуге мүмкіндігі мол. Жоба алдағы уақытта білімді және табысты жас азаматтың символына айналатынына сенімдіміз. Ол болашақ түлектерді отандық жоғары оқу орындарына түсуге ынталандырады. Медаль иегерлері баллдары тең болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру гранттарын алуға басым құқыққа ие болады. Менің ойымша, бұл тамаша жаңалық. Біздің өңірдің білім беру мекемелерінің барлық басшыларына осы қызықты бағдарламаға назар аударуды және ол туралы өз оқушылары мен студенттеріне міндетті түрде айтып беруді ұсынамын. Біздің өңір «Елбасы Медалі» бағдарламасының үздік қатысушылары қатарында болады деп үміттенемін, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк.
Бағдарламаға қатысу арқылы жастар өз уақыттарын басқаруды, алдына мақсат қоюды және оларға жүйелі түрде қол жеткізуді үйренеді.
Өз тілшіміз
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77