Социум

«Елбасы медалі» жобасы жастарды көшбасшылыққа тәрбиелейді

Жоба аясында оқушылар алдарына мақсат қойып, салауатты өмір салтын ұстануды үйренеді

Елімізде «Елбасы медалі» жобасы 2020 жылдан бастау алған болатын. Бұл–жастарды жан-жақты дамытуға бағытталған бірден-бір ұлттық деңгейдегі бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік қызмет, туристік саяхаттар, еңбек тәжірибесі. Аталмыш жоба 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.

Жобаның басты міндеті – жас ұрпақтың көшбасшылық, тәртіптілік пен икемділік дағдыларын дамыту. Мүмкіндігінше жастарды мақсат қою мен оған жетуге дағдыландыру.

Оқушылардың уақытын тиімді ұйымдастыру негізінде  олардың шығармашылық, белсенділік қабілеттерін арттыру, еңбекке, қоғамға қызмет етуге баулу мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының ұстазы Ақтоты Танжарықова мектеп оқушыларымен бірігіп 6-ай жұмыс жасады.

Жоба нәтижесі бойынша 47-оқушы марапатталды. Оның ішінде  9 сыныптан 3 оқушы, 10 сыныптан 28 оқушы, 11 сыныптан 16 оқушы.

-Спорт, білім, өнер әрдайым оқушыларды ізденімпаз болуға жетелейді. Соның ішінде кітап оқу, ұлттық мұраға зер салу өте маңызды. Оқушыларымыздың жан-жақты білімді болып қалыптасуы олардың рухани құндылыққа көңіл қою келекшекте адамгершілігі мол, көзі ашық, көкірегі ояу жан ретінде қалыптасуының бастауы болса керек. Сондықтан мектептегі «Елбасы медалі» жобасына белсене атсалысқан оқушылардың болашағы зор деп білемін,-дейді мектеп-интернаттың директоры Ырысалды Келінбердиева.

«Елбасы медалі» жобасына қатысу арқылы жастар өз уақытын дұрыс пайдалана білуге, мақсат қойып, оған жүйелі түрде жетуге, салауатты өмір салтын ұстануға және өзін-өзі үнемі дамытып отыруға үйренеді. Осындай жастармен Қазақстанымыздың болашағы жарқын болатынына біз де сенімдіміз.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77