Образование

Еліміздің барлық аймағында Ұлттық біріңғай тестілеу басталды

Қостанай қаласында 1149 түлектің 712-сі ҰБТ тапсыруға өтініш берген

Қостанай қаласының түлектеріне арналған Ұлттық біріңғай тестілеу 20-24 қаңтар аралығында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨМУ жаныдағы ҰБТ базасында өтетін болады. ҰБТ ақпанның 5-іне дейін жалғасады.

Қостанай қаласында жалпы 1149 түлек бар, олардың 712-сі осы жолы ҰБТ тапсыруға өтініш берген. Оның ішінде, қазақ тілінде 276 түлек, орыс тілінде 436 оқушы тест тапсырады.

Қостанай қаласы білім басқармасының мәліметінше, тестілеу өткен жылдың форматы бойынша өткізіледі.

ҰБТ өткен жылдың форматы бойынша өткізіледі. Тестілеу 5 пән бойынша өтеді: 3 міндетті және таңдаған мамандығына байланысты 2 бейінді пән. ҰБТ қатысушыларына барлығы 120 тест тапсырмасы беріледі, оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша 15 сұрақ, математикалық сауаттылық бойынша 15 сұрақ, оқу сауаттылығы бойынша 20 сұрақ және бейінді пәндер бойынша 35 тапсырмадан болады. Тестілеу тапсыруға 4 сағат (240 минут) беріледі. ҰБТ-ға қатысушылар барлығы 140 балл жинай алады.

Тестілеуге кірер алдында жанаспайтын термометрлерді пайдалана отырып, кіреберісте ҰБТ қатысушылары мен комиссия мүшелерінің температурасы өлшенеді.

Қатысушылары мен комиссия мүшелерінің қолдарын өңдеу үшін санитайзерлер, дезинфекциялық тоннель орнатылған. Бетперде режимі қатаң сақталуы қадағаланады.

Ауыз суға қолжетімді, бір пайдаланған ыдысты екінші пайдаланбайды. Аудитория есіктеріне тазалық жүргізіліп, кабинет ылғалдандырылып отырады.

Тестілеу барысында қатысушылар арасында кемінде 2 метр қашықтық қамтамасыз етіліп, аудиториялардағы адамдардың саны 50%-ға қысқартылды.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Сурет ашық ақпарат көзінен алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77