Новости

Форумда өңіріміздің барлық мешіттерінің бас имамдары басқосты Онда қабылданған құжаттар жан-жақты таныстырылды

Қостанай облыстық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» – атты ІІІ республикалық имамдар форумдағы қабылданған құжаттарға қатысты семинар өткізілді

Аталмыш жиынға облыс бойынша қазіргі таңда халыққа қызмет көрсетіп жүрген барлығы 72 діни қызметкер жиналды.

Облыстың Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы өткізіліп отырған шараның мақсаты туралы түсіндіріп, баяндамашыларға сөз берді.

Қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің бас имамы Шоқан Ғазизұлы «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын жан-жақты түсіндіріп өтсе.

«Діни рәсімдер» туралы Лисаков қаласының Бас имамы Сабыржан Зейнелғабиденұлы айшықтады.

Ал Арқалық қаласының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері» бойынша айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Осылайша форумдағы қабылданған құжаттар жиналғандарға толықтай түсіндіріліп, бір данадан ұсынылды.

Жиын соңында облыстың Бас имамы Бахыбек қажы Тәжімбет осы қабылданған құжаттар аясында жасалып жатқан жұмыстарды жандандыруды және қала, аудан мен елді-мекендерде халыққа таныстыруды тапсырды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77