Халықаралық конференция

Халықаралық конференция

Загрузка...


Қазақ еліне танымал көрнекті ғалым, академик Зұлқарнай Алдамжар егер тірі болғанда биыл 80 жасқа толар еді. Оны еске алу мақсатында оның есімі берілген Қостанай әлеуметтік-техникалық  университетінде „Алдамжар оқулары-2017„ деп аталатын Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Оны аталмыш университет ректоры физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қадырғалы Жаманбалин ашып, жиынның мәні мен маңызына тоқталды.

Алғашқы сөзді облыстық мәслихат хатшысы Сайлаубек Есжанов алып, Зұрқарнай Алдамжардың өткен жылдарда сіңірген еңбегі жайлы айтып, еліміз үшін тындырған орасан жұмыстары жөнінде әңгімеледі.

Сондай-ақ Қостанай облысының құрметті азаматы, Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов, Қостанай мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі Михайл Дәуенов, заң ғылымдарының докторы Сергей Жалыбин, қоғам қайраткері, Қостанай облысының құрметті азаматы Сәкен Төкенов, ғылым докторлары, Атыраудан арнайы келген Жиенбай Базарбайұлы мен Әбілсейіт Мұқтар және осы жоғары оқу орнымен тығыз байланыстағы бір топ ресейлік ғалымдар Зұлқарнай Алдамжарұлының іскерлік, адамгершілік, парасаттылық қасиеттері хақында тебірене сөз сөйледі.

 

Ұзын сөздің қысқасы, конференция жоғары деңгейде өтті. Аты бүкіл Қазақстанға жете таныс ғалымның құрметіне мейрамханада ұрпақтар атынан ас берілді.

Оразалы Жақсанов

Loading...

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись