Культура

І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры мен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті арасында өзара келісім жасалды

Ахаң атыдағы ордалы оқу орын театр және кино актерін оқытып кәсіби маман ретінде дайындап шығармақ

Театр басшысы Әлімхан Мырзахан мен университет ректоры Алма Дощанова арасында екі жақты меморандумға қол қойылды.

Енді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде театр және кино актерін оқытып кәсіби маман ретінде дайындап шығаратын факультет ашылмақ.

– Бұл тақырып ұзақ уақыт бойы, соның ішінде менің алдымда басшы болған әріптестеріммен де талқыланған болатын. Бұл уақыттың әсері болуы да мүмкін, бірақ меморандумға бүгін қол қойылды. Біздің студенттермен және ұжыммен ынтымақтасуға ниет пен ынта білдірген театрдың шығармашылық ұжымына, Әлімхан Мырзаханға алғысымды білдіргім келеді, – деп жазды өзінің әлеуметтік парақшасында ректор Алма Іргебайқызы.

Университет басшысының айтуынша, меморандум университтің талантты жастары үшін үлкен перспективалар мен мүмкіндіктерге жол ашпақ. Сонымен қатар, жоғары оқу орнында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Республикалық студенттік театрлар байқауында үздік болып, жүлдегер атанған “Шаңырақ” студенттік театры 20 жыл бойы жұмыс істеп келетіндігін еске салды.

Университет профессорлары мен жетекші актерлер қосымша білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін білім траекториясы бойынша бірлесіп жұмыс жасайтын болады.

– Осылайша, І.Омаров атындағы театр ҚӨУ студенттерінің шығармашылық практикасының алаңына айналады. Бұл дегеніміз, драмалық театр кадр резервін жаңарта отырып, өз жобалары үшін үздік әртістерді таңдай алады, – дейді Алма Дощанова.

Жақын арада дарынды және шығармашыл жастарды іріктеуге кастинг жарияланады. Барлық сұрақтар бойынша Сіз Жастар саясаты мәселелері жөніндегі Департаментке, 8 (7142) 55-85-19 телефонына хабарласа аласыз.

Сералы МЫРЗАБАЙ 
Сурет желіден алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77