Новости

“Ғибратты қазына” атты рухани кеш болып өтті

Онда Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай жас өрендер оның қара сөздерін жатқа оқыды

Осы Ережап айының алғашқы күндерінде Рудный қаласында ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай «Ғибратты қазына» атты рухани кеш болып өтті.

Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – жастардың діни көзқарасын дәстүрлі дініміздің талаптарымен, әдет-ғұрпымыздың құндылықтарымен, ұлттық болмысымызбен ұштастыра отырып, иманды, зайырлы, қоғамның қалыптасуына үлес қосу, жастарға ой салу еді.

Кеште ҚМДБ-ның бүгінде ел игілігі үшін жасап жатқан игі жұмыстары жайлы арнайы ақпараттық фильм көрсетілді. Шағын фильмнен діни басқарманың қоғам пайдасы үшін атқарған істері жиналғандар назарына ұсынылды.

Жиынға арнайы қатысқан облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы ҚМДБ-басшылығымен қабылданған «Жеті рухани қазық» құжаттамасы бойынша аталмыш құжаттаманың мән-мағынасын түсіндіріп, уағыз айтты.

Дәстүрімізді дәріптеп, дінімізді ұлықтауға бағытталған рухани кештің тағы бір тағылымды бағдарламасы – бүгінде қоғамда жиі ұшырасатын отбасындағы тұрақсыздық, ажырасушылардың жиілеуіне орай санаға ой салар «Ана қадірі» атты сахналық қойылымы болды.

«Ғибратты қазына» атты рухани кеште ұлы ақын ел тарихында өшпес із қалдырған Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы да қамтылып, жас өрендер хакім Абайдың қара сөздерін жатқа оқыды.

Шырқалған иләһи әндер, дәстүрлі-ғибратты жыр-термелер, бейне фильмдер жиынның әрін кіргізіп, көпшілік қауымды бір серпілтіп тастады.

Басқосу соңында қалалық мешіттің бас имамы Бектұрсын Уәлиев келген қонақтар мен кешті ұйымдастыруға мұрындық болған қала әкімдігі мен «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігіне», сондай-ақ мәдениет пен БАҚ өкілдеріне шынайы алғысын жеткізді. Қатысушылар мерекелік дастарханнан дәм татты.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77