Имамдар жылдық есеп берді

Имамдар жылдық есеп берді



Облыстық Марал ишан мешітінде жиын болып өтті. Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі үстіміздегі жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Бұл басқосуда өңірдегі қалалар мен аудандардың бас имамдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының және Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасы аясында өздерінде жүзеге асырылған  жұмыстар жөнінде баяндады.

Өкіл имам Бахытбек Нұрғабылұлы олардың есептерін мұқият тыңдай келе, негізгі төрт бағыт болып табылатын, уағыз насихат, қайырымдылық, жат ағыммен күрес, сауат ашу курстарын жандандыру және дін мен дәстүр аясындағы нақты істерді алдағы уақытта да жалғастыру жайында имамдарға  айтты.

Сонымен қатар 2018 жылы Жастар ісі бойынша атқарылатын іс-шаралар туралы да жоспар талқыланды. Бұл орайда әрбір қалалар мен аудандарға аталған бағытта бойынша тиянақты жұмыс атқару хақында да тапсырмалар берілді.

Жалпы, өтіп бара жатқан жылы өңірдің аудандары мен қалаларында бірқатар игі жұмыстар атқарылған. Келер ит жылы да қол жеткенге тоқмейілсімей, барлық жоспардағы істерді тиянақты атқару жүктелді.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Loading...

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись