Оған облысымыздағы барлық мешіттердің қызметкерлері атсалысты
Халқымыздың әдет ғұрпында Ислам дінінен бастау алған құрбандық шалынып, тасаттық жасау дәстүрі бар. Ол, әсіресе, жауын-шашын аз болған кездері жүзеге асырылады. Мұны барша халық біледі әрі жан-жақты түсінеді.
Таяуда өңірімізде құрбандық шалынып, оған барлық мешіттердегі діни қызметкерлер имам-молдалар да атсалысты.
Ал құрбандық еті көмекке мұқтаж жандарға таратылды. Содан кейін шариғат талаптарына сай Алла тағаладан жауын тілеу намазы мен дұғасы оқылды. Нәтижесін елді-мекендердегі халық сол мезетте ақ сезінді.
Тасаттық жасау барысында, «Мұсылман бауырларымыздың тілектері қабыл болып, үстіміздегі жылы егілген тұқым бітік шығып, қамбамыз мол астыққа толсын. Диқандардың еңбектері жанып, ырыс-берекелері арта берсін», – деп облысымыздың Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы дұға жасады.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77