Мерекелік марапатты табыс ету салтанатында облыс әкімінің орынбасары Бақыт Есімова жиналған қауымды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады
Бүгін Қостанай облысы әкімдігі мен тілдерді дамыту басқармасы өңірімізде тіл үйрету, мемлекеттік тілді насихаттау жұмыстарына белсене атсалысқан бірқатар қызметкерлерді Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай марапаттады.
Марапаттау шарасына облыс әкімінің орынбасары Бақыт Есміова қатысып, жиналған қауымды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтап, биылғы атқарылған бірқатар жұмыстарға тоқтала келе, алда тұрған үлкен міндеттердің көп екенін атап өтті. Сондай-ақ өңірімізде тіл оқыту, үйрету және мемелекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында тынбай еңбек еткен бірқатар қызметкерлерге облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті.
«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медаліне тіл басқармасының бөлім басшылары Бақытгүл Сүлейменова мен Кенжеғали Бимағанбетов ие болды. Сондай-ақ Тіл саясаты комитетінің Құрмет грамотасымен «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Наталья Рамазанова және Меңдіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әлия Байтемірова марапатталды. Ал Тіл саясаты комитетінің Алғыс хаты тіл басқармасының бас маманы Самал Бермағамбетоваға табысталды.
Сонымен қатар Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасы Тіл басқармасының тұрақты қазылар алқасының мүшесі Биялаш Сүйінкинаға, «Біздің Қостанай» қалалық газетінің редакторы Аягөз Кәкімжановаға, Рудный қалалық тілдерді оқыту орталдығының ағылшын пәнінің оқытушысы Дарья Буньковскаяға, Алтынсарин ауданының тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі пәнінің оқытушысы Гаухар Каналинаға, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскерлері Айнұр Нұрбекова мен Алтын Ташмағанбетоваға, Тіл басқармасының бас мамандары Дина Қадырова мен Дәурен Жұмақановқа, Қостанай облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің басшысы Максим Моргуновқа, Қостанай облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы Айнұр Сансызбаеваға, Тіл басқармасының бөлім басшысы Жарасхан Науразбаевқа, Тіл басқармасының бас мамандары Айжан Садуақасова мен Айгүл Искаковаға, Рудный қаласының тілдерді оқыту орталығының басшысы Жанна Джамбурчинаға салтанатты түрде табыс етілді.
Мерекелік марапатты табыстау шарасында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендикинова тілді дамыту мақсатында аянбай тер төккен қызметкерлерге алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
-Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейлі мереке деп білемін. Осы атаулы датаға орай, үнемі ізденіс үстінде жүретін бірқатар әріптестерім лайықты құрметке бөленіп жатқанына қуаныштымын. Тіл үйрету, әсіресе мемлекеттік тілдің мәртебесін асыру мақсатында келешекте де аянбай еңбек етеміз,-дейді облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Бақытгүл Сүлейменова.
Салтанатты шараға жиналған көпшілік бір-бірін Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77