Новости Образование

«IT Skills» ақпартатық технологиялар облыстық фестивалі өтті

Ауқымды шараға облыстың 15 ауданынан қатынасушылар келді

Оқу пәні ретінде енгізілген роботты техниканы құрылымдау оқушылардың шығармашылығын дамытуға септігін тигізеді.

Осы мақсатта «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында «IT Skills» ақпартатық технологиялар облыстық фестивалі өтті.

Екі күнге жалғасқан фестивалге облыстың 15 ауданынан қатынасушылар келді. Ереже бойынша 6-сынып оқушысынан 3 өкіл және информатика мұғалімі шарға ат салыса алады.

– Іс шара аясында бейінді сыныптардың жұмысы педагогтар үшін, сондай-ақ оқып үйренуші шәкірттерге шеберлік сабағы өткілізді. Онда мұғалімдер «Web-қосымша білім берудегі инновациялық құрал ретінде», «Білім берудегі толықтырылған шындық» тақырыбында ақпарат алса, оқушылар үшін үш бағытта, яғни, «Web-дизайн және әзірлеу, «Роботты техника және бағдарламалау», «Графикалық дизайн және бейнемонтаж» бағыты бойынша жұмыс жасады, – дейді директордың орынбасары Ирина Храмей.

Мұнда, мектеп-лицейдің оқушылары роботты техниканы құрастыруды жақсы меңгерген. Олар бұл фестивалде келушілерді қарсы алып, әр ауданнан келген оқушыларға өз білгендерін үйретумен шұғылданды.

– Мен роботты техниканы құрастырумен жақсы машықтанғанмын. Мұнымен өткен жылдан бері айналысып келемін. Оған деген қызығушылығым да жоғары. Ол үшін іскерлік қабілет пен логика қатар жүруі керек. Өз басым бір айдай уақытты оқып-біліуге жұмсадым. Шынын айтсам бір жасап көрген адамға қиындық туғызбайды. Бұл істі мен хобби ретінде көремін, – дейді «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Алдияр Аманғалиев.

Оқытумен және шығармашылық жобаларды қорғаумен бірге қатарлас фестиваль қатысушыларына «Фестивальдің креативті фотосы», және Web-квест «IT білімдер» байқауларына қатысу ұсынылды. «Роботты техника және бағдарламалау» бейінді сынып жұмысы «Бои сумо» байқауын өткізумен аяқталды.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77