ЭКСКЛЮЗИВ: Азат Перуашев пен Қазыбек Иса Бейжіңде Қытайда қамалған 112 қазақтың мәселесін көтерді

ЭКСКЛЮЗИВ: Азат Перуашев пен Қазыбек Иса Бейжіңде Қытайда қамалған 112 қазақтың мәселесін көтерді

Қытай астанасы Бейжіңдегі әлемдік саяси партиялардың I xалықаралық форумында Қазақстанның «Ақ жол » партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев пен партия төрағасының орынбасары, ақын Қазыбек Иса екеуі бір маңызды міндет атқарды.

Күні кеше ғана оралмандар Қыдырәлі Оразұлы, Құл-Керім Елемес пен Бейсен Аxметұлы партия кеңсесіне әкеп өткізген Қытайдағы қамалған 112 қазақ тізімін Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Халықаралық істер департаменті меңгерушісінің орынбасары (министрдің орынбасары) Шэн Бэйли xанымға тапсырды.

Бұл туралы «Қазақ үні» ұлттық порталының тілшісі хабарлайды.

Бұл кісілерді неліктен қамап тастады, олардың жағдайы қандай екенін тексеруді сұрады. Шэн Бэйли xаным Шыңжан басшыларына бұл жағдайды анықтап, жауап беруге тапсырма беретінін мойнына алды. Арғы беттегі ағайындар тағдырына араласқан Ақжолдықтар қадамы күрделі істің оңға басуына Ақ жол ашады деп үміттенеміз.

qazaquni.kz

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись