Новости Социум

Көп балалы аналарға жағдай жасалады

Олардың өмірін жеңілдету басты міндет болып отыр

Қазіргі таңда елімізде көп балалы отбасыларды әлеуметтің қолдау жан-жақты жүргізіліп жатқаны белгілі. Осы ретте өңірімізде де бірнеше тың жобалар қолға алынды. Бұл жайында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында «қоғамдық жұмысқа тартылатын азаматтардың, кем дегенде, 30%-ы көп балалы ана болуы тиіс екендігіне ерекше тоқталып өткені бәрімізге белгілі.

Сондай-ақ өңір басшысы «2019-2021 жылдары облысқа республикалық бюджеттен бөлінетін қаржының 98,7 млн теңгесі қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтардың айлығын көтеруге бағытталады. Жоспар бойынша, олардың жалақысы 1,5 есеге дейін артпақ. «Менің тапсырмам бойынша, қоғамдық жұмысқа тартылатын жандардың, аз дегенде, 30%-ы көп балалы аналар болуы керек. Олар 4-5 сағаттық кестемен барынша жеңілдетілген жұмыс істеп, айына 60-70 мың теңге табыс табуы тиіс. Бұл олар үшін үлкен қолдау болар еді», — деді.

Көп балалы ананың жалақысын көтере отырып, ел болашағы жалынды жастарды көптеп тәрбиелеп шығуға болады. Үйінде ананың тәрбиесін көрген бала адамгершілігі мол, ісіне жауапты, білімді болып қалыптасатыны сөзсіз. Сондықтан өңірімізде адағы уақытта көп балалы аналарға жан-жақты жағдай жасалатын болса, еліміздің демогарфиясын өсіруге өзіндік үлес қосатын жандардың саны да арта түсетіні жасырын емес.

Ең бастысы қоғам байлығы – адам өмірі маңызды болмақ. Бұл мәселе аймағымызда биліктегі азаматтардың жіті қадағалауына алынған.

«Қой егіз тапса, шөптің басы айыр шығады», – дегенді қашанда желкен еткен қазақ халқы, әр бала өз несібесімен туады деп есептейді.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77