Көп балалы отбасы – қоғам байлығы

Көп балалы отбасы – қоғам байлығы

Комментарии к записи Көп балалы отбасы – қоғам байлығы отключены
Загрузка...


Оларға жан-жақты көмек көрсетудің маңызы зор

«Адам өміріндегі – ең үлкен қуанышы бала сүю» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай балалы болу бақыт, ал көп балалы болу одан да үлкен бақыт болса керек.

Бүгін де қоғамымызда көп балалы отбасы деген түсінік бар. Ертеде ата-бабамызда бала көп болған. Қазір көп балалы отбасылар саны айтарлықтай көп деп айта алмаймыз.

Өйткені, қазіргі нарық көп бала туып, оны асырап бағуды көтермейтін сияқты. Бүгінгі таңдағы қымбатшылық көптеген отбасылардың балалы болсақ оны толық қамтамасыз ете аламыз ба деген ойлармен шырмалып қалуына себепші болып отыр.

Сондықтан да қазіргі жас отбасыларынан осы бір-екі баланы асырап алсақ та жетеді деген пікірлерді жиі естеп қаламыз. Бірақ, бұл қазіргі қоғамның келбеті болып отырғаны белгілі.

Сонда да елімізде көп балалы атанып отырған отбасылар да бар әрине. Оларға қанша және қандай көмек көрсетілсе де артық емес. Өйткені, ұрпақ жалғастығы қай ұлт үшін де өте маңызды болып қала бермек.

Осындай ұрпақ жалғастығын бірінші орынға қойып көп балалы отбасы атанып отырған Затобол кентінде тұратын отбасылардың бірі Айнаш пен Ғалимжан. Олардың Құдай берген бес балалары бар. Отағасы Ғалимжан Нұрғалиев облысымызға қарасты Қарабалық ауданының Өрнек деген ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Үйінің ортаншысы. Оның жары Айнаш Амангелді ауданы Қарасу ауылының тумасы. Ол да көп балалы отбасынан шыққан. Әкесі Шарафиден ұста болған кісі. Анасы Қазыкен балаларына тәлімді тәрбие беріп, үй шаруашылығымен айналысқан асыл жан. Айнаш үйіндегі 7 баланың ортаншысы.

Міне, осындай көп балалы отбасынан шыққан Ғалимжан мен Айнаш та бүгінде көп балалы отбасы атанып отыр.
Олардың үлкен ұлдары Бексұлтан Отан алдындағы борышын өтеуде, ал одан кейінгі Ғибрат, Нұрсұлтан, Асылзат есімді ұлдары мектепте оқиды. Кішкентай қыздары Айша биыл 0 сыныпқа барады.

«Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» демекші, шынында да іші балаға толған үйдің бақыты байқалады екен. Осы мақаланы жазу мақсатында, Айнашпен алдын ала келісіп, үйіне келдім.

Кірген бетте алдымнан балалары шығып, бірінен соң бірі менімен амандасып жатты. Олардың өте тәрбиелі, ұқыпты екенін байқадым. Көп балалы үйдің балалары өте бауырмал келеді деген де ұғым бар. Ол да рас екеніне көзім жетті.
Бір-біріне қарайласып, көмектесіп жүрген жас шамасы жақын балалырды көріп сүйсіндім.

Бұл біріншіден ата-анасынан алған тәрбиенің жемісі болса керек. «Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» деп кемеңгер жазушы Мағжан Жұмабаев бекер айтпаса керек. Баланы тәрбиелеп, одан болашағы жарқын азамат өсіріп шығарудың өзі үлкен өнер болса керек.

Сондықтан да Айнаш пен Ғалимжан болашақ ұрпақтарының тәрбиесіне жіті назар аударады. Олардың сабақтан бос уақытта пайдалы іспен айналысуларын қадағалайды. Осы мақсатта мектепте оқитын үш ұлын футбол үйірмесіне берген.
Қазір де олар футбол десе ішкен астарын жерге қояды. Бос уақыттарында достарымен футбол ойнап, болашақта белгілі футболшы болуды армандайды.

Осылайша өздерін мәпелеп өсіріп отырған ата-анасына бақыт сыйласақ деген ойлары да бар.
Мектеп жасында болса да олар қазірдің өзінде болашақта кім болатындарын шешіп қойыпты. Өскенде де футбол ойнаймыз дейді.

Міне, осылай бес баланы дүниеге әкеліп, оларға тәлімді тәрбие беріп отырған Айнаш еліміздегі көп балалы аналарға берілетін әлеуметтік көмекті алады. Бүгінде отағасы Ғалимжан ғана жұмыс істейді. Айнаш бала күтімімен үйде отыр. Сондықтан үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап көп балалы аналарға арналған әлеуметтік көмекке іліккен. Оның кәмелеттік жасқа толмаған балалары үшін 108 мың теңге көлемінде жәрдемақы алып отырған жайы бар.

Бұл қаражаттың балаларының киім-кешегін, басқа да қажетті заттарын алуға жететінін айтады. Сондықтан көп балалы отбасыларға көрсетіліп отырған көмек үшін үкімет басшыларына дән риза.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77

Loading...

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись