Новости Социум

Көпбалалы отбасыға қайырымдылық көмек жасады

Олар жүрегі жомарт жандарға ризашылықтарын білдірді

Игі істі ешқашан кейінге қалдырмау керек, барлығына көмектесу мүмкін емес, бірақ әркімге жақсылық тілеуге болады.

Кеше 15 мамыр – халықаралық отбасы күніне орай, Қостанай қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмаған 2 жастан 15 жас аралығында балалары бар көпбалалы Жаңабергендер отбасына материалдық көмек көрсетті.

Осындай қайырымдылық жасаған қызметкерлерге отбасы мүшелері өздерінің алғыстарын білдірді. Оларға азық-түлік пен жеке гигена заттары табыс етілді. Бұл бір қараған жанға үлкен көмек болмаса да, жақсылыққа жол ашып, көпбалалы отбасыларына қолдан келгенше көмектесіп тұрудың өте маңызды екенін танытты.

Осылайша өңіріміздегі аз қамтылған отбасыларының балаларына қамқорлығымызды тынытып, мейірімімізді төге аламыз. Қайырымдылық жасау жүрегі жомарт жандардың қолынан ғана келеді.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77