Көрнекті ақынмен жүздесті

Өңірімізге Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани-жаңғыру»  деп аталатын мақаласын талқылауға байланысты бір топ рухани саланың майталмандары келді.

Осынау сапар барысында Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің конференц залында көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулетпен жүздесу өткізілді.

Кешті белгілі ақын, халықаралық „Алаш„ сыйлығының лауреаты Ақылбек Шаяхмет жүргізді.

Онда мәдениеттанушы, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Аяған Сандыбай сөз сөйлеп, дарынды ақынның шығармашылық, азаматтық қырларына жан-жақты тоқталды.

Сондай-ақ осы басқосуда Қазақстан Жазушылар Одағы Қостанай облыстық филиалының директоры, сатирик-жазушы Ғұмар Ахметчин, облыстық „Қостанай таңы„ газетінің бас редакторы Жанұзақ Аязбеков қаламгер жайлы өздерінің шынайы лебіздерін білдірді.

Кештің соңында Ұлықбек Есдәулет жиналған қауымға алғысын білдіріп, жерлестерімізге алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбасында бақыт тіледі.

Университеттегі кеште Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова басқаратын „Өнер„ студиясының талантты жастары асқақтата ән шырқады.

Loading...

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись