Культура Новости

Кәсіпкер атануға мүмкіндік мол

«Қостанай облысының кәсіпкерлерінен бизнес-дәрістер» жобасы бастау алды

Қостанай облысының жоғарғы оқу орындарында студенттерді нақты мысалдар арқылы ынталандыру мақсатында «Қостанай облысының кәсіпкерлерінен Бизнес-дәрістер» жобасы жүзеге асуда. Оның ұйымдастырушысы «Ruhani zhangyru» жолабық кеңсесі болып табылады.

«Кәсіпкерлік өмір стилі ретінде» тақырыбы бойынша бірінші дәрісті «Derby» балалар футболдық академиясының негізін салушылардың бірі, Қостанай облысының «Жастардың алтын кітап» лауреаты, Қостанай облысының жастар кеңесінің мүшесі Мирас Адамбаев, Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекетті педагогикалық университетінің студенттеріне өткізді.

Мирас досы екеуі футбол үйірмесін ашқан. Ал, өздері жеті жастан бастап футболға қатысқан. Футболдың кемшін тұстарын анықтап, сол олқылықтын орнын толтыру мақсатында істеністерге барған. Бүгінде біз көріп жүргеніміздей 20 баланы бір ғана жаттықтырушы жаттықтырады. Ал, Мирастың айтуы бойынша негізінде 5 балаға бір жаттықтырушыдан болса футболдың деңгейі артар еді. Кәсіпкер Мирас тек Қазақстанда ғана емес, көршілес Ресей елінде де өзінің кәсібін дамытып, фтубол клубтарын ашқан. Ол бастапқыда мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. Кейін жалақысына қанағаттанбай, табыс табудын басқа көзін іздеген. Ата-анасына масыл болып отыруды қаламаған Мирастың ойына ақылы түрде жас балаларды футболға жаттықтыратын ұйым ашуды жөн санаған. Бүгінде бастамасы табыс әкеліп, жұмысы ілгері жүруде.

– Қостанай қаласында біз коммерциялық футбол мектебін аштық, екі жылдан кейін бұл желі Көкшетау, Семей, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Челябі қалаларына дейін өсті.

Мен ең жақын досыммен жұмыс жасаймын, оның аты-жөні – Илья Байгабылов. Осы бизнеспен айналысқаныма екі жарымдай жыл өтті. Біз өз ісімізді Қостанай қаласында бастадық. Өзім футболға қатысқандықтан, оған жетіспейтін тұстарын байқадым, жақсартуды қажет ету керектігін түсіндік. Әрбір бала футбол ойнағысы келетініне сенімдіміз, біз кәсіпқой футболшыларды өсіреміз деп уәде бермейміз, ата-аналарға олардың балалары тұрақты негізде спортпен шұғылданатындығын, командалық жаттықтырушылардың басшылығымен тұрақты жаттықтыруға уәде бере аламыз, – дейді жас кәсіпкер Мирас Адамбаев.

Ол студенттерге бизнес ашу барысының қыр-сырымен бөлісті. Өз биснесін ашуға ниеттенген жастар сол жолда нендей қателіктер жіберіп алатыны жайлы айтты. Дұрыс бағытта жұмыс жүргізу үшін қандай істер жасалуы керек. Осының барлығын Мирас студенттерге кеңінен түсіндірді.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суреттері түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77