Коронавирус События

Карантин режимі жұмсартылды

Қоғамдық көліктер таңертеңнен кешке дейін жүретін болды

Өңірімізде коронавирус дертіне шалдыққандар саны бір қалыпқа түсуіне байланысты карантин режимі жұмсартылды.

Атап айтар болсақ, аймағымыздағы саябақтар мен шағын алаңдардың жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Сонымен қатар осы жерлерде орналасқан сауда орындарының жұмысы да басталды.

Қала тұрғындары үшін тағы да бір қуанышты жаңалық, қоғамдық көліктердің жұмысының жандануы болып отыр. Бүгінде қоғамдық көліктер таңғы 6:00-ден 21:00-ге дейін таңертеңнен кешке дейін үзіліссіз жүріп жатыр.

Сондай-ақ ауданы 500 шаршы метр болмайтын киім-кешек, және басқа заттарды сататын дүкендердің есігі келушілерге айқара ашылды. Бірақ мұнда үш адамнан артық кіруге болмайды. Бір отбасының мүшелері ғана бірге кіре алады. Бірақ олар міндетті түрде ара қашықтықты сақтауы қажет.

Облысымызда жұқпалы дертке байланысты көрсеткіштің тұрақталып, карантин режимінің жұмсартылып жатқанын естігенде қала тұрғындары да өздерінің ризашылықтарын білдірді.

– Мен коронавирус дертіне шалдыққандардың санының бір қалыпқа түсуіне байланысты карантин режимінің жұмсартылғанын естігенде қатты қуандым. Әсіресе, қоғамдық көліктің күні бойы жүретіні жақсы болды. Өйткені, өзім қаланың шетінде тұрамын. Ал жұмыс орным шаһардың орталығында орналасқан. Қоғамдық көлік күндіз жүрмеген кезде жүріп-тұру қиындап кетіп еді. Міне, енді жұмысыма еш қиындықсыз барып келетін болдым, – дейді қала тұрғыны Қарагөз Сыздығалина.

Алдағы уақытта коронавирус дерті жойылып, бұрынғы қаз-қалпымызға қайта оралатын кездің ауылы алыс емес деген сенімдеміз.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77