Бұл талаптардың орындалуын кім тексереді?
Қостанай қаласында 18 мамырдан бастап қоғамдық көліктер өз жұмысын бастаған болатын. Қоғамдық көлік қызметін бастаған кезде оның жиі залалсыздандырылып, тазартылып, жуылып тұратыны сонымен қатар ондағы орындықтар толғаннын кейін, ішіне көп адам жиналмайтындығы жайында да айтылғаны баршаға белгілі.
Бүгін таңғы 08:15-те әдеттегідей жұмысқа кету үшін аялдамаға келдім. Өзім Тобыл қаласында тұрамын. Аялдамаға 102 бағыттағы қалаға баратын автобус келіп тоқтады. Ішінде отыратын орын жоқ, тұрып тұрған адамдардың қарасы да көбейіп қалған. Мен отырдым, келесі аялдамадан да автобус адамдарды толтырып жинай бастады. Осылайша жолдағы барлық аялдамаларға тоқтап, автобус бұрынғысынша ауыз-мұрнынан шығып қалаға келді.
Осына көріп менің ойыма, карантин режимінде қойылған талаптар қайда қалды деген сауал келді.
Неге карантин талаптары барлық жағдайда орындалмайды. Бүгін мен жұмысқа келген 102 бағытындағы автобуста ешқандай арақашықтық сақталған жоқ. Жалпы, бұл талаптарды кім тексереді. Қоғамдық көліктерге үлкен талап қойылған деген бос сөз болғаны ма? деген мың сауалдың жетегінде, түсетін аялдамама да келіп қалыппын.
Осы арада айтудың реті келіп тұрған мәселенің бірі, шаһарымызға ең жақын орналасқан Қостанай ауданына қарасты (бұрығы Затобол) Тобыл қаласы, Заречный кенттерінен қатынайтын қоғамдық көліктерде әрдайым орын жетіспейтіні, үнемі толып келетіні көптен айтылып жүрген мәселе.
Таңның атысымен Заречный одан кейін Затобол (қазір Тобыл қаласы) сосын қалаға дейін баратын адамдарды таситын бұл бағыттағы автобустың жүру арақашықтығы өте ұзақ.
Сондықтан үнемі адам толып, сығылысып қалаға келіп жатады. Әсіресе, таңертең жұмысқа баратын кез бен кешкі үйге қайтатын шақта бұл бағыттағы автобусқа адамдар симай келесісін күтіп қалатын кездер де жиі болып тұрады.
Бүгінде Тобыл қаласының тұрғындарының өздерін көптен мазалап жүрген осы мәселенің шешімі табылса деген тілектері бар.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77