Өнерлі оқушылардың жұмыстары көрмеге қойылды
Бүгін Л.Толстой атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасынның фойесінде қаламыздағы Назарбаев интеллектуалды мектебінің оқушыларының қолынан шыққан кариналардың көрмесі өтті.
Аталмыш білім ордасында 2017 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан Баян Баталова жетекшілік ететін өнерлі шәкірттер бұл көрмеге үлкен дайындықпен келген. Мұнда олардың 30-дан аса жұмыстары қойылған.
Өнерге бейім жандар Назарбаев интеллектуалды мектебінде сабақтан қолдары бос кездері қыштан, гипстен әртүрлі ыдыс-аяқ жасауды үйренеді.
Сонымен қатар ою-өрнек салып қазақшы киімдер тігед. Қыз баланың бас киімдерінің неше түрін тігіп, сақина-алқа жасайды. Міне, осындай қол өнерді оларға үйірме жетекшісі Баян Баталова үйретеді.
Баян Баталова суретшіліктің сыртында белгілі кескіндеуші, мүсінші. Оның қолынан шыққан дүниелер ерекше назар аудартады. Бала кезінен суретшілікке бейім болған ұстаз бүгінде өзі қызмет етіп жатқан мектепте талапты оқушыларға өзінің білгенін үйретуді парызым деп санайды.
Осынау көрмеге өздерінің картиналарын қойған 10 сыныпты тәмәмдаған Айгерім және Гүлназ есімді оқушылар сурет салуға бала кездерінен қызыққандарын айтады. Негізгі пәндерден қолдары босаған кезде сурет және кескіндеме үйірмесіне қатысуға асығып тұратындарын да жасырмады.
Жетекшілері Баян Баталованың бойындағы өнеріне қызыға қарайды екен. Болашақта сол кісідей дарынды кескінші, мүсінші, суретші болуды армандайды.
Осы көрмеге қойған картиналарын тамашалауға қала тұрғындары көп жиналды. Оған талаптары таудай шәкірттер өте қуанышты.
«Өнерге әркімнің де бар таласы» демекші, туа бітті бойдағы дарын қашан да ерекшеленіп көрініп тұратыны анық. Осы көрмеге қойылған картиналарға қарап көп жайды түсінуге болады.
Жалпы, Түлі-түсті бояулармен салынған картиналардың мағынасын түсіне алу да өнер болса керек.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77