События

«Kazakh hidjab style» сән байқауы

Шараға қатысқандарға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тарту етілді

ҚМДБ Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде «Әйел-қыздар секторы» мұсылман әйеліне арналған түрлі киім үлгілері ұсынылды.

Облыстық мешіттің ұстазы Халим Жансаяның ұйымдастыруымен «Kazakh hidjab style» атты іс-шара өткізілді.

Шара барысында ұлттық нақышта ұсынылған үш түрлі киім үлгісі және заманауи стильдегі офистік, спорттық және кештерге киюге арналған киім үлгілері де көрсетілді.

Осы сән кешінде қатысушы көрермендерге түрлі күнделікті киімдерге 30 пайыздық жеңілдіктер жасалды.

Кеш соңында шараға қатысқандар Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

– Әйел адамдарына мұндай ұлттық нақышта тігілген киімдер өте жарасады. Әсіресе, ол киімдер заманауи үлгіде тігілген. Болашақта елімізде ұлттық нақыштағы киімдер үлкен сұранысқа ие болады деп ойлаймын,-дейді облыстық мешіттің аппарат басшысы Қанат Орынтай.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77