І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовпен кездесу болып өтті
Онда қостанайлық тұрғындар көп жиналып, аты аңызға айналған әртістің келелі әңгімесін тыңдады. Жиналған қауым жүздесуден ерекше әсер алды. Қала тұрғындарының бірқатары өздерінің сауалдарын қойып, жүрек жарды ізгі тілектерін де білдіріп жатты.
Кездесу барысында Халық әртісінің «Әруақ» атты фильмі көрсетілді. Бұл фильмнің сюжеті артында ұрпағы қалмаған қария жайында. Ол өмірден баз кешіп, айдалада жұрттан жырақ ғұмыр кешуге белбайлайды. Сөйтіп жүргенде оған жетімдер үйінен қашып шыққан бір бала кездеседі. Ол сол баланы өсіреді. Жетімдер үйінен қашып шыққан әлгі бала қарияның өмірге деген құштарлығын оятады. Кейін бала өнегелі болып есейіп қарияның ізін жалғастырып, артында қалған ұрпағына айналады.
Кеш соңында І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының директоры Сабыралы Кемелбаев Халық әртісіне алғысын білдіріп, иығына шапан жапты.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77