„Кисуа„ сыйға тартылды

„Кисуа„ сыйға тартылды

Комментарии к записи „Кисуа„ сыйға тартылды отключены

Өткен аптада Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарының 90 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтілді

Бұл маңызды шараға Астана мен Алматыдан және өңірден көптеген қонақтар қатысты.

Облыстағы қазақы Амангелді ауданының «Сатыбалды ишан» мешітіне сонау Меккеден қасиетті қара тасты жауып тұратын «кисуа» сыйға тартылды.

Оны „Нұр Қазақстан„ қажылық кампаниясының президенті Амангелді қажы Еренғайыпұлы салтанатты түрде тапсырды. Осындағы жұма намазына арнайы қатысқан облыстың бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы барша қауымға ең ізгі тілегін білдіріп, ұмытылмас уағыз айтты.

Сонымен қатар Жангелдин ауданының «Оспан қожа әулие» мешітіне Қайрат Дильханов, Ғабит Мұқанов  және Асылболат Мырзағалиевтердің демеушілігімен мешітке жаңа жеңіл автокөліктің кілті тапсырылды.

Осылайша торғайлық ағайындар қос мереке кезінде ерекше қуанышқа бөленді. Демеуші болған бауырларымызға тек Алланың нұры жауа берсін.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись