Басқарма қызметкерлері «Кітап ауласына» барды
Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері шаһарымызда ашылған «Кітап ауласына» барды. Мұнда әлем классиктерімен қатар, отандық, жергілікті ақын-жазушылардың еңбектері қойылған. Ашық аспан астында ұйымдастырылған «Кітап ауласына» қаланың кез-келген тұрғыны келіп кітап оқып, қалаған көркем дүниені үйіне алып кетіп оқуына және орнына кітап қойып кетуіне болады.
«Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» деген екен кезінде түркі жұртының ұлы ақыны Ә.Науаи. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және адамның өзін тануға көмектеседі, талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады, сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады.
-Кітап оқыған адамға өте пайдалы. Өзім жиі сүйікті жазушыларымның еңбектерін ақтарып отырамын. Іздеп жүріп оқитын ақын-жазушыларым да бар. Поэзия оқығанды да ұнатамын. Әрдайым жұмыстан қолым болсаса, бірден сүйікті шығармаларымның бірін оқуға кірісемін, – дейді тілдерді дамыту басқарамысының бөлім басшысы Бақытгүл Сүлейменова.
Әрине, «кітап білім бұлағы» демекші, бір уақыт қолымызға көркем дүниелерді алып, ішіндегі байлығын игерсек, білім көкжиегіміз кеңейіп қалары сөзсіз.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77