Кәсіпорын тариф құнын 10 пайызға төмендеткен
Табиғи монополиялар туралы Заңға сәйкес «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны баспасөз турын өткізді.
Онда сумен жабдықтау және су бұру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынау барысымен таныстырды. Сонымен қатар, инвестициялық бағдарламалардың орындалуы жайлы мағлұмат берді.
Кәсіп орын басшысының орынбасарының айтуынша кәсіпорын табиғи монополиялар саласында бірнеше қызмет түрлерін көрсетеді екен.
– Біздің мекеме «Қостанай-су» кәсіпорнының балансында сумен жабдықтау желілерінің 562,2 шақырымы, бекіту арматураларының 4394 бірлігі бар. Ал су бұру желілерінің 411,1 шақырымы мен кәріз сорғы станцияларының 22 бірлігі енеді. Сумен жабдықтау желілерінде 9 су өткізетін сорғы станциясы пайдаланылады, – деп атап өтті Арман Жүнісов.
Жоғарыда айтылған қызмет түрлеріне, магистралдық құбырлар мен тарату желілері арқылы, ауыз су беру, тахникалық су және ағынды суларды бұру мен тазарту қызметтері енеді.
Тариф құны да едәуір төмендегенін байқауға болады. Төтенше жағдайдың еңгізілуіне байланысты сәуірдің бірінші жұлдысынан бастап халық үшін тағы 10%-ға төмендетілген. Сумен жабдықтау бойынша 76,16-дан 68,55 теңге/м3 дейін, су бұру бойынша 61,11-ден 55 теңге/м3 дейін. Осылайша, 2019-2020 жылдары халық үшін тарифтер 2016 жылдың деңгейінде сақталуда екен.
Ал, ағымадғы жөндеу жұмыстары да қарқын алған. Инвестициялық бағдарлама бойынша күрделі жөндеудің төмендеуіне байланысты, тарифтердің өсуіне мораторий жүргізілді. Апаттық жағдайлардың алдын алу үшін кәсіпорынның өз қаражаты есебінен 2020 жылы 113,1 млн теңге сомасына сумен жабдықтау, су бұру желілерін және жабдықтарды ағымдағы жөндеу жоспарланған, қазіргі уақытта 70%-дан астам игеріліген.
– «Қостанай-Су» МКК инвестициялық бағдарламасы тарифтердің шекті деңгейлерінің қолданылуының 5 жылдық кезеңіне әзірленді және бекітілді: 2017-2021 жылдарға. Бағдарламаның негізгі мақсаттары: сумен жабдықтау және су бұру жүйелері жұмысының сенімділігін арттыру. 2020 жылы өз қаражаты есебінен игеру жоспарлануда. Сумен жабдықтау бойынша 194 млн теңге, су бұру бойынша 304 млн теңге. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында жоспарланған көлемнің шамамен 30%-ын орындау есебінен шығындар жүргізілді, – деді басшының орынбасары.
Айталық, Шаяхметов – Съянов көшелерінің шекараларындағы Победа көшесіндегі өздігінен ағатын кәріз коллекторын 78 млн теңгеге қайта құру жұмыстары жүргізілуде.
– ЕҚДБ желісі бойынша желілерді реконструкциялауға 2018-2020 жылдары 2,6 млрд теңге игерілді, оның ішінде несие қаражаты 1828 млн теңге, ҚРҮ-763 млн теңгені құрады. Бұл мына нысандардың реконструкциялануы: Дезинфекциялау, су беру таратқышының жүйесі; «Большевичка» фабрикасының аумағында және Павших Борцов көшесі бойындағы 2 өздігінен ағатын кәріз коллекторлары; SCADA қашықтықтан бақылау жүйесі, ГАЖ жүйесі және тағы басқа жұмыстар атқарылуда, – деді ол.
Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша желілерді жаңарту және реконструкциялау қосымша жүргізілуде. Осы бағдарлама бойынша барлығы 1 826 млн теңге игерілді. Оның ішінде 2020 жылы сумен жабдықтау бойынша 522 млн теңге, су бұру бойынша 261 млн теңге. Бұл Дошанов көшесі бойындағы индустриялық сутартқыш, «Әуежай» шағын ауданындағы сумен жабдықтау желілері, Шипин, Арыстанбеков және Набережная көшелері бойындағы 3 өздігінен ағатын коллектор сынды объектілері алмастырылуда.
Кәсіпорынның ішкі түйіткілді мәселелері де жоқ емес. Мәселен, мамандардың тапшылығымен жиі ұшырасып жатады.
– Жалақының төмен болуына байланысты зейнеткерлікке шыққан қызметкерлердің орнына өндірісте нормативтер бойынша тиісті білікті штатты жинау мүмкін емес. Материалдар мен қажетті құралдардың қымбаттауына байланысты ағымдағы жөндеуге және аварияларды жоюға арналған шығындардың өсуі. Мұнымен қатар, күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты дебиторлық берешекті азайту бойынша іс-шаралар қарқыны төмендеді, наразылық жұмыстары негізінен екінші жартыжылдыққа кейінге қалдырылды, – дейді Арман Жүнісов.
Дегенмен де, экономикалық және әлеуметтік сипаттағы объективті қиындықтарға қарамастан, «Қостанай-Су» МКК көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға барын салуда.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Рамиль СЕРГАЗИНОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77